Түркістанда «Алтын сақа» анимациялық фильмдер фестивалінің шымылдығы ашылды

Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында, түркі мемлекеттерінің достастығы күніне орай Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында Халықаралық «Алтын сақа» анимациялық фильмдер фестивалінің ашылу салтанаты өтті.
Шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің театр және кинематография бөлімінің бас сарапшысы Мырзашева Гүлнафис Советханқызы және облыстық мəдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Шарафиева Ғалия Аликенқызы құттықтау сөзбен ашып беріп, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Түймебаев Жансейіт Қансейітұлының фестивальге қатысушыларға арнаған жылы лебізін жеткізді.
Фестивальдің құрылтайшысы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, ұйымдастырушылар – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі, облыстық мәдениет басқармасы болатын.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Өскелең ұрпақтың тәрбиесіне оң ықпалын тигізуі тиіс патриоттық тақырыптағы фильмдер өндірісін қолдай отырып, қазақстандықтардың жас буынын адамгершілік рухта тәрбиелеуге бағыттайтын анимациялық фильмдер жасау маңызды» деп айтқанындай түркітілдес мемлекеттер арасындағы мәдениет пен өнер ынтымақтастығы және достастығын нығайту, анимациялық фильмдер арқылы балалар мен жасөспірімдерді патриоттық рухта тәрбиелеу, ұлттық салт-дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, Түркі мемлекеттерінің анимация саласындағы шығармашылығын кеңінен насихаттау, әлемдік кеңістікке шығу және халықаралық қарым-қатынасты арттыру, аниматорлар арасында іс-тәжірибе алмасуға, шеберлік сабақтарын өткізуге ықпал ету мақсатындағы фестиваль халықаралық сипат алды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*