ОҚО-да Елбасының «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жасалуда

Оңтүстікте ЭКСПО халықаралық көрме тақырыбы бойынша өңірде өнеркәсіп, экология, ауыл шаруашылығы саласында да жаңа технологияларды енгізу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.«Бүгінгі таңда облысымызда Елбасының «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жасалуда. Қазіргі күнге өңірде 5 жаңартылған энергия көздері нысандары жұмыс істеп тұр.  Олар жалпы қуаты 5,8 МВт болатын 3 шағын су электр станциялары болса, осы жылы қосымша жалпы қуаты 3,5 МВт болатын 2 шағын су электр станциялары іске қосылатын болады. Жүргізілген зерттеулер негізінде, алдағы жылдары облыстағы 122 өзендерде жалпы қуаты 420 МВт-ты құрайтын шағын су электр станцияларын салу жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде Өгем өзенінде жалпы қуаты 57 МВт болатын каскадты шағын су электр станцияларын салу жөнінде Түркияның «DOGUS» Constraction компаниясымен келіссөздер жүргізілуде», — деді Жансейіт Түймебаев.

Елордамыз Астанада өткен «ЭКСПО — 2017» халықаралық мамандандырылған көрме сәтті өткенін айтқан аймақ басшысы, әлемнің назарында болған тарихи шараны 151 мыңнан астам оңтүстікқазақстандық барып тамашалағанын атап өтті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*