ТАЗАЛЫҚ – МӘДЕНИЕТТІҢ ӨЛШЕМІ

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында сананы жаңғырту арқылы ұрпағыңды дұрыс тәрбиеле, еңбекке баулы дегенді негізге алған.Аталған игі бастаманы жүзеге асыру мақсатында қаламыз бойынша «Ажарлы үй-ырысты» деп аталатын ерекше іс-шара ұйымдастырылып отыр.
Көрнекті, сәулетті ғимарат көшенің, елді мекеннің көркін ашады. 
Осы мақсатта әрбір тұрғын «Ажарлы үй-ырысты» атты іс-шараны жүзеге асыру мақсатында өз меншігіндегі ғимаратты ретке келтіріп, қоршауларды, шарбақтарды бояп, ақтап іргелес аумақтарды жинап, игілікті іске өз үлесін қосуы керек. Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Әрбір азамат қаламыздың көркеюіне үлес қосса өз үйіміз-отанымыздың, табиғатымыздың таза болатыны хақ.
Бүгін Арыс қаласы және қалаға қарасты ауылдық округтермен елді-мекендерде жалпы қалалық сенбілік өтті.
Сенбілік өткізудегі негізгі мақсат халықты еңбекке жұмылдыру арқылы барша қала тұрғындарын қаланы таза ұстауға, әрбір үйге егілген ағаш көшеттеріне талапқа сәйкес күтім жасап, қаланы таза әрі жасыл қалаға айналдыруға шақыру болып табылады.
Таңертеңгі сағат 8-дан бастап сенбілікке қатысып, өз аумақтарының қоқыс-қалдықтарын шығарып, ағаштарды ақтап, жол жиегін тазартқан арыстықтар қаламыздың әсемденуіне бір кісідей үлес қосты.
Егерде әрбір қала тұрғыны өз ауласын таза ұстаса, егілген ағаш көшеттерін, үйлерінің қасбеттерін ақтаса Арыс қаласы бұдан да ажарлана түсетіні ақиқат.
Сондықтан барлық арыстықтарды қаланың ажарын арттырып, ырысын тасытуға шақырамыз.
Мұндай игі іс-шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*