Отырарлықтар жүгеріні терең өңдеуді қолға алмақ

Отырар ауданында өткен халықаралық далалық семинарында сөз алған Ө.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми – зерттеу институтуның бас директоры Абдулла Сапарұлы еліміздегі топырақ деградациясы және олардың құнарлағын жоғарлатудың қазіргі заманғы әдістері жөнінде арнайы баяндама оқыса, Түркия елінен келген «Түрік селекция орталығының» өкілі Хусейін Алтыншаш жүгері ұрығының сапасы жөнінде қысқаша хабарлама жасады.Мұнан соң облысымыздағы көршілес Ордабасы, Бәйдібек, Сарыағаш аудандары мен Арыс қаласынан келген қонақтар мен шаруашылық төрағалары «Ақтөбе-Агро» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінде болып, Ө.Оспанов атындағы ғылыми-зерттеу инситутының ғалымдары және Түркиялық «Biotek» компаниясымен бірлесе отырып, кооперативтің 105 гектар жеріне егілген жүгерінің жаңа сортымен танысты. Аталмыш кооператив өкілі Елғонды Әлмахановтың айтуынша бұрынғы жылдары жүгеріден 50-60 центтнерден өнім алып келсе, биыл институт ғалымдармен бірлесіп жасаған жұмыстың нәтижесінде гектарына 130-140 центнерден өнім алуды жоспарлап отырғандығын ерекше атап өтті. Жүгерінің жаңа сортына семинарға қатысушы шаруалар «Отырар» немесе «Оқсыз» атауын беру жөнінде ұсыныстарын айтса, аудан әкімі ұсынысты қос қолдап қолдайтындығын жеткізді.
Жиынды қорытындылаған аудан басшысы отырарлықтар жыл сайын жүгері дақылының көлемін ұлғайтып қана қоймай, оны терең өңдеуді мықтап қолға алғандығын баса айтып, бүгінгі таңда жер асты ыза судың деңгейін төмендету мақсатында коллектр, дренаж жүйелерін қалпына келтіру және су тапшылығын жою мақсатында «Сырдария-Арыс» (Ақын-Жақып) каналын қалпына келтіру қызу жұмыстар жүргізіліп жатқандығын атап өтті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*