Маңғыстаулық «Боранқұл» құрамасы, Шымкент қаласы әкімінің кубогын жеңіп алды!

Шымкентте қала күніне орай, Қазақстан Халқы Ассамблеясының зәулім ғимаратында Республикалық деңгейде өткен «Жайдарман» ойындарына Батыс Қазақстан облысы, Алматы облысы, Қызылорда облысы, Жамбыл облысы, Алматы қаласы, Маңғыстау облысы, Жетісай мен Түркістан, Шымкент қалаларының намысын қорғаған үздік 11 құрама командалар қатысып, қала әкімінің кубогі үшін өзара кім мықтыны анықтады. Айтак кету керек, сайыс шарты бойынша әр қатысушы команда 7-8 минуттың ішінде бар өнерін ортаға салып көрерменнің көңілінен шығуға тырысу керек. Тартысқа толы болған ойын қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Нақтыра айтқанда, І орынды Маңғыстау облысынан келген Боранқұл құрамасы жеңіп алып, сыйақыға тағайындалған  1 000 000 теңгені қанжығасына салды. Ал, ІІ орынға қызылорда облысының Жаңақорған ауданынан келген жастар лайықты деп табылып,  300 000  теңге көлеміндегі сыйақыға ие болды. Үздік үштікті Мақтаарал ауданының Жетісай қаласынан келген «Сырдария» командасы түйіндеп, 200 000 теңге ге қол жеткізді. Бұл жайдарман сайысында «Үздік ойыншы» номинациясы Ұлан Мамырбекұлына бұйырып 100 000 теңге сыйақы алд.!

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*