Арыста «қоғам және заң» тақырыбында семинар өтті

Арыс қаласы әкімдігінің кіші мәжіліс залында қала әкімі аппараты әкімшілік бөлімінің басшысы А.Манаповтың төрағалығымен «Тиімді шағымдар қоғамына» жобасын жүзеге асыру бойынша және Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын сақтауда орын алған кемшіліктерді жою, алдағы уақытта болдырмау мәселесі жөніндегі дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті қызметкерлердің қатысуымен семинар-кеңес өтті. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Арыс аудандық прокуратурасының прокуроры Н.Бәйтік «Тиімді шағымдар қоғамы» жобасының негізгі мақсаты өтініштерді қарауға байланысты заңнама талаптарын насихаттау, өтініш иелерінің заңнамамен көзделген құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында консультативтік көмек көрсету екендігін түсіндіріп өтті.
Семинар-кеңесте төмендегіше мәселелер қаралды:
1. «Тиімді шағымдар қоғамы» жобасын жүзеге асыру бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу;
2. ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңында белгіленген өтініштерді қарау мерзімдерін қатаң сақтау;
3. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша салыстыру актісінің жаңа кестесін дұрыс толтырып, әр айдың соңында тұрақты түрде тапсыру;
4. Азаматтарды жеке қабылдауды заңға сәйкес бекітілген кесте бойынша апта сайын жүргізу;
5. Азаматтардың қолма-қол түскен өтініштерін тапсыруға арналған жәшіктерді айқын (шыны) жәшіктерге алмастыру.
Жиынға қатысушылар семинар-кеңес барысында сұрақтар қойып, заң аясында тұщымды жауаптар алды.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*