Оңтүстіктегі Арыс қаласында түйе шаруашылығымен айналысатын Дермене және Жиделі атты ауылдық округтер бар. Соның бірі 150 отбасы тұратын Саналы елді мекені. Қымыранның кені деп айтылатын ауыл тұрғындары 2 мыңға жуық үйіргерлік шаруашылықта түйе ұстайды. Осы ауылдан күніне 1000 тонна шұбат дайындалып, қаладағы мейрамханаларға тасымалдануда. Бүгінде шұбат өнімін көбейтіп, табыс көзін арттыруды көздеген шаруалар «Желмая» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне бірігіп отыр. Өндірістік кооператив түйе сүтін өндірумен айналысады. Мұнда күніне 1500 тоннаға дейін шұбат өндіріледі. Олар бөтелкелерге құйылып дайын шұбат өнімі Астана, Алматы, Ақтөбе қалаларына жіберіледі. Бұл қожалықта сауынды сексен түйе бар. Күніне 1000 литрге жуық шұбат алады. Мұнда он адам еңбек етіп, нәпақасын тауып келеді. Аталған кооператив алдағы уақытта түйе санын көбейтіп, өнім көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Жантағы мол түйе өсіруге өте қолайлы елді мекендегі түйелердің көбі бір өркешті. Ойсылқараның бұл тұқымы сүтті әрі етті келеді екен. Арыс қаласы бойынша осы жылы 239 мүшесі бар 16 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылғанын айтқан қала әкімі Мұрат Қадырбек кооперативке біріккен шаруаларға бүгінде мемлекеттің көмегімен субсидия бөлініп жатқанын жеткізді. Сондай-ақ, әкім шұбат өндіруде потенциялы жоғары кооперативке алдағы уақытта модульдік сүт қабылдау бекетін кепілсіз және алдын ала төлемсіз несиеге берілетінін айтты. Яғни, әр бекет құнының 50 пайызын (2,5 млн теңге) субсидия ретінде мемлекет төлейді.
Ұқсас жаңалықтар
МАҚТААРАЛДЫҚ ШАРУАЛАР ҚАРАБҰЛАҚТА ТӘЖІРБИЕ АЛМАСЫП ЖҮР
Түркістан облысы Сайрам ауданындағы «Қарабұлақ» ауылы Республикамыздағы етті мал өсіру бойынша алдыңғы қатарда тұр. Қарабұлақтық шарулар бүгінде өз өнімдерін еліміздің ірі қалаларынан бөлек, Өзбекстан еліне де ірі көлемде саудалап жатыр. Қарашаның алғашқы жұлдызында мал шаруашылығы […]
Арыстың ала сиырларын-ай…
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Қуатты ел болу – бәсекеге қабілетті болу деген сөз. «Қазақстанда жасалған» әрбір бұйымда төрт қасиет» — сапалы, ыңғайлы, әдемі және арзан болуы керек. Сонда ғана ісіміз өнімді, […]
Арыста ардагерлер спартакиадасы өтті
«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігіне 30 жыл және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жыл толуына орай, Арыс қаласының «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі жанынан құралған аталар және әжелер арасындағы қалалық ІІ-спартакиадасы өтті. Спорттық іс-шараны өткізудегі мақсат салауатты […]
Пікір қалдыру