Қазір Арыс өзенінің Отырар ауданы аумағындағы жағалауын көріктендіру-көкалдандыру жұмыстары қызу қолға алынып жатыр. Сол себепті, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған уақытта Арыс өзенінің маңы аудан тұрғындары мен қонақтары демалатын керемет демалыс аймағына айналатыны сөзсіз. Себебі, бүгінде демалыс орынының инфроструктурасы қайта жаңғыртылып, заман талабына сай безендірілген. Мұнда қазір демалушыларға арналған орындықтар, жарық шамдары мен қоқыс жәшіктері қойылғанын айта кету керек. Десек те аудан әкімі Ерлан Қуанышұлы мердігерлерге көшеттің бір – екі түрлерін ғана емес, әр түрлі декаративті ағаштар мен көшеттер отырғызудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Бүгінгі таңда Арыс өзенінің арнасын таспен қаптау жұмыстары аяқталуға жақын қалды. Мұнан бөлек аудан басшысы Ерлан Айтаханов, демалушыларға арналған кешеннің көрікті жерінен Ұлы отан соғысының батырлары мен жауынгерлеріне арнайы ескерткіш пен мемориалдық кешен бой көтеруі тиістігін сала басшыларына мықтап тапсырды.
Ұқсас жаңалықтар
Ерлан Айтханов «Алтын дауыс» байқауының жеңімпазын қабылдады
Отырар ауданында өнер саласындағы ереше қуантатын жаңалықтың бірі жақында Шымкент қаласында өткен облыстық жастар арасындағы «Алтын дауыс» байқауында өнері үздік деп танылып, жерлесіміз Аян Төлеген гран-при иегері атанды. Осылай Шәмшіні тудырған өлке әншіні де тудыра […]
Отырарда ауданның әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштері кеңінен талқыға түскен келелі жиын өтті
Отырар ауданы әкімінің кезекті аппарат жиыны болып өтті. Күн тәртібінде өзекті деген төрт мәселе қаралды. Мәжіліс төрағасы, аудан әкімі Ерлан Айтаханов бірінші болып ауданның әлеуметтік экономикалық даму индикаторлық көрсеткіштерінің орындалуы туралы және жергілікті өзін – […]
Отырарлықтар Шахановты ақ түйеге мінгізді
Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов бастаған отырарлықтар ауданға кіре беріс бас қақпадан бірнеше көліктен тұратын кортежді қарсы алды. Мұнда ұлтымыздың айдарлы перзенті, даңқты жерлесіміз, Әлем ақыны Мұхтар Шаханов пен мәртебелі қонақтарды аса құрметпен күтіп алып, […]
Пікір қалдыру