1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай, Шымкент қаласында жөндеу жұмыстарынан өткен «Металлургшілер» саябағы қайта пайдалануға берілді. Саябақтың ашылу салтанатында Елбасының курстасы Аманəлі Əбдрахманов та сөз сөйлеп, тұрғындар тарапынан ыстық ықыласын білдірді.«Қала орталығындағы «Металлургшілер» саябағы бүгін адам танымастай кейіпке еніп, жаңарып отыр. Осы істі қолға алған облыс әкіміне алғысымызды білдіреміз. Қаламыз жыл санап көркейіп, демалыс орындары мен саябақтар қатары артып келеді. Бұл дегенеміз ұрпақ денсаулығына, аға буын өкілдерінің ғұмырының ұзақ болуына өз септігін тигізетін дүниелер. Алдағы жылдары мұнда шахмат ойнайтын орталық, балаларға арналған ойын-сауық қондырғылары орнатылмақ» — деді Аманəлі Əбдрахманов. Айта кетсек, Шымкент қаласындағы «Металлургшілер» саябағының іргетасы 1957 жылы қаланған. Қалпына келтіру жұмыстарынан соң саялы мекеннің аумағы 3,6 гектардан 5 гектарға дейін ұлғайып отыр. Демалыс аймағында соңғы үлгідегі жарық шамдар мен қоқыс жәшіктері орнатылып, келушілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын субұрқақ та салынған.
Ұқсас жаңалықтар
ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 38 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӨНДЕЛЕДІ
Бағдарлама аясында тұрғындар күрделі жөндеу жұмыстарына жұмсалған қайтарымды қаржыны пайызсыз төлейді. Жөндеу жұмыстары тұрғын үй иелерінің 70 пайыз келісімімен жергілікті атқарушы органдарына жазған өтінішіне сәйкес жүргізілетін болады. Былтыр қаладағы 37 үйге ағымдағы және күрделі […]
ОТАНДЫҚ ӨНІМДІ ҚОЛДАУ — ЕЛ ДАМУЫНА БІР ҚАДАМ
Қала тұрғындары күнделікті қарбалас уақытта байқамауы мүмкін, егер жіті назар аударсаңыз, айналаңыздағы сауда орталықтарының кіре беріс тұсында орналасқан орындықтар, ауладағы ойын алаңшаларының әткеншектері өзіміздің отандық өнімдер. Яғни, біздің күнделікті көз алдымыздағы заттар. Мәселен, «SHEGEN» сауда […]
ШЫМКЕНТ: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ
Бүгін Шымкентте мереке қарсаңында «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті. Шараға қала әкімі аппаратының қызметкерлері, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, әкімдікке қарасты барлық салалық басқармалардың, аумақтық органдардың, мемлекеттік және жеке меншік […]
Пікір қалдыру