Президент тапсырмасына орай Мақтаарал ауданында үш тұғырлы тіл саясатын ұстанатын балабақша бар. Мұнда балалар қазақ, орыс тілімен қоса ағылшын тілінде де амандасып, санап үйреніп жүр. Шет тілін үйренуге балалардың құлшынысы зор дейді ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әлия Әбдіжаппарова. Себебі шет тілін меңгерту әдісі өзге сабақтарды оқытуға ұқсамайды. Мұнда жаңашылдық басым. Сабақта аудио, видеожазбалар қолданылады. Шетелде білім алып келген жас маман бүлдіршіндердің сабаққа ынтасын ашу үшін барын салуда. Ағылшын пәнінен білген-түйгендерін балалар тәрбие сағаттарында да бір-бірімен жарыса көрсетеді. Алдымен қазақша, сосын орысша, соңынан ағылшынша тақылдай тақпақ айтады. Білім саласы өкілдерінің сөзіне сенсек, өңірде соңғы 2 жылда үш тілді тәрбе беруге көшкен балабақшалар саны артып келеді. Мектеп жанына ашылған 350 шағын орталық қазір осынау жүйеде жұмыс жасайды. Онда 21 мыңнан астам бүлдіршін тәрбиеленуде. Балабақша түлектерінен болашақ полиглоттардың шығатыны анық.
Ұқсас жаңалықтар
Мақтаарал аудандық соты төрағасының прокурор мен полиция жұмысына көңілі толмайды
Мақтаарал аудандық сотының төрағасы Құнанбай Мұсаев аудандық прокуратура, көші-қон полициясы мен кәсіпкерлер арасында жүргізіліп жатқан түсіндірме жұмыстарына көңілі толмайтынын айтып, жұмыстарын әлі де болса пысықтай түсу керектігін ескертті, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі ERNUR.KZ сайтына […]
МАҚТААРАЛДА «ҚЫС-2018» ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Садырдың нұсқаулығына және аудан әкімі Бақыт Асановтың тапсырмасына сәйкес, Мақтааралда «Қыс-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өтті. Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру, сондай-ақ басқару органдарын, күштер мен құралдарды даярлау мақсатында […]
ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДЫҚ КӘСІПКЕР 10 АЙДА 32 ТОННАҒА ЖУЫҚ ЕТ ӨНДІРГЕН
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 150-ге жуық мал бордақылау алаңдары жұмыс істейді. Соның бірі – «Құдайберген» шаруа қожалығы. Шаруа қожалықтың иесі Тыстыбай Сырайловтың 2,5 гектар аумақты алып жатқан және құны 120 миллион теңгені құрайтын фермасы бар. […]
Пікір қалдыру