Шымкент – шағын кәсіпкерлік дамыған шаһар. Өндіріс орындары да көбейген. Бүгінгі таңда қалада 498 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Оның ішінде ірі және орта кәсіпорындар 89 болса, кіші 350 кәсіпорындар бар. Ал қалған 59-ы қосалқы кәсіпорындар. 2017 жылдың қаңтар-шілде айында өнеркәсіп кәсіпорындарында 212 491, 2 млн теңгенің өнімі өндірілді. Бұл – өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101, 2 пайызға артып отыр.Сонымен қатар, осы саланы дамыту мақсатында биыл «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы» бойынша 114 жобаға қолдау көрсету міндеті қойылған. Ал кәсіпкерлердің банктердегі несиелері бойынша пайыздық ставканы субсидиялауға 82 жоба бекітіліп, бүгінде 17 жобаға қолдау көрсетілген. Шағын кәсіпкерлік субьектілеріне өз бизнесін бастауға мемлекеттік гранттар беру бойынша 62 жоба ұсынылып, оның 7-уі қолдау тапқан. Жылдың соңына дейін бағдарлама аясында құны 32,5 млрд теңге болатын 7 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы» ЖШС және «Ырыс» МҚО арқылы қалада 2017 жылдың 7 айында 620 млн теңгеге 100 жоба мақұлданған. 79 жоба 426,5 млн теңгемен қаржыландырылды.
Ұқсас жаңалықтар
ШЫМКЕНТ: САЙЛАУДЫ ӨТКІЗУГЕ БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛДЫ
10 қаңтар күні елімізде ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. Шымкент қаласында сайлауды өткізуде карантиндік талаптар бойынша барлық сақтық шаралары ұйымдастырылды. Бүгінде Шымкентте 617 мыңнан астам сайлаушы бар. Жалпы қала […]
ШЫМКЕНТТІК КӘСІПКЕРЛЕР ЕЛБАСЫ ҮНДЕУІНЕ ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ
ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына пандемияға байланысты үндеуіне шымкенттік кәсіпкерлер алғашқылардың бірі болып қолдау көрсетті. Олар бүгінде арнайы ашылған қорға қомақты қаражат аударды. Айта кету керек, Шымкентте Елбасы үндеуіне қолдау білдірген жүрегі […]
Шымкенттің оңтүстік қақпасы мен Республика даңғылы жаңартылуда
Қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкенттің оңтүстігінен кіреберісіндегі көпірдің қасбетін өзгерту мәселесін мамандармен талқылады. Сонымен қатар, Республика даңғылы бойында жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысын қарап шықты. Қазіргі таңда мұнда әрлеу және жарықтандыру жұмыстары жүріп жатыр. […]
Пікір қалдыру