Шымкент – шағын кәсіпкерлік дамыған шаһар. Өндіріс орындары да көбейген. Бүгінгі таңда қалада 498 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Оның ішінде ірі және орта кәсіпорындар 89 болса, кіші 350 кәсіпорындар бар. Ал қалған 59-ы қосалқы кәсіпорындар. 2017 жылдың қаңтар-шілде айында өнеркәсіп кәсіпорындарында 212 491, 2 млн теңгенің өнімі өндірілді. Бұл – өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101, 2 пайызға артып отыр.Сонымен қатар, осы саланы дамыту мақсатында биыл «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы» бойынша 114 жобаға қолдау көрсету міндеті қойылған. Ал кәсіпкерлердің банктердегі несиелері бойынша пайыздық ставканы субсидиялауға 82 жоба бекітіліп, бүгінде 17 жобаға қолдау көрсетілген. Шағын кәсіпкерлік субьектілеріне өз бизнесін бастауға мемлекеттік гранттар беру бойынша 62 жоба ұсынылып, оның 7-уі қолдау тапқан. Жылдың соңына дейін бағдарлама аясында құны 32,5 млрд теңге болатын 7 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы» ЖШС және «Ырыс» МҚО арқылы қалада 2017 жылдың 7 айында 620 млн теңгеге 100 жоба мақұлданған. 79 жоба 426,5 млн теңгемен қаржыландырылды.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкент: короновируспен күресіп жатқан медицина мамандарына тиісті көмек көрсетілуде
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде төтенше жағдайдың аяқталуына байланысты мәлімдеме жасады. Осы кезеңге дейін Шымкент қаласында карантиндік шектеулердің енгізілуіне байланысты нақты шаралар қолға алынды. Соның нәтижесінде эпидемиялық жағдай тұрақтанып, қаламызда бүгіннен бастап бірқатар енгізілген […]
ШЫМКЕНТ: ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛГЕН
Ел аумағында төтенше жағдай енгізілгелі Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби ауданында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қазіргі таңда, аудан аумағын залалсыздандыру жұмыстарына арнайы қызметтер мен әскери сарбаздар жұмылдырылып, 672 көпқабатты үй мен 404 көше дезинфекцияланып жатыр. Сонымен қатар, […]
Шымкентте короновирус жұқтырғандар саны 189-ға жетті
Шымкент қаласында тағы бес адамнан короновирус анықталды. Вирус жұқтырғандар 1965 жылы туылған, 2004 жылы туылған, 2007 жылы туылған, 2011 жылы туылған, 2012 жылы туылған қала тұрғындары. Олар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болғаны расталып […]
Пікір қалдыру