Түркістан: құрылысы аяқталуға таяу нысандар аз емес

Елімізде жарияланған төтенше жағдай кезеңінде де Түркістан қаласында сақтық шараларын қатаң сақтай отырып құрылыс жұмыстары қарқыны бәсеңдеген емес.

Облыс орталығында бой көтерген Басқармалар ғимараты, Департаменттер ғимараты, Конгресс орталығында құрылыс аяқталып келеді. Ішкі әрлеу, инженерлік желілерін монтаждау және сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс екі ауысымда жүріп жатыр. Нұр-Сұлтан алаңында құрылыс жұмыстары толық аяқталып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Оқушылар сарайы, Стадион, Бассейні бар спорт кешені де аяқталуға таяды.

Қалалық саябақта абаттандыру, дренаждық жүйе, су бұрқақтар, амфитеатр, аттракциондар орнату, сәндік су айдыны және көшеттер отырғызу жұмыстары жүргізуде. Сонымен қатар, шаһарда әлемдік талапқа сай бірнеше бес жұлдызды қонақ үй кешендері бой көтерді. Нысан құрылыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Тұңғыш Президент саябағы жасыл желекке оранып, Ясауи мұражайының ішкі жұмыстары жүріп жатыр. Өмірзақ Естайұлы құрылысқа атсалысып жатқан шетелдік компания жетекшілерімен кездесіп, жұмыс барысындағы бірқатар өзгерістерді талқылады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*