Шымкент: Сауда орындарында санитарлық талапқа сай жұмыс жүргізуде

Шымкенттегі сауда орындары бас санитар бекіткен қаулыға сәйкес барлық талаптарды сақтай отырып жұмыс істеуі керек. Ал талаптардың орындалу барысын жергілікті әкімдіктерден құрылған мониторинг топтар қадағалап отырады.

Абай ауданынынан құрылған топ бірнеше сауда үйіне тексеру жүргізіп, індеттің алдын алу жолдарын түсіндірді. Мәселен, «Əл-Фараби» сауда үйі санитарлық нормаларға сәйкес жұмыс істеуде. Кіре берісінде талапқа сай дезковрик төселіп, санитайзер орнатылған. Сатушылар мен келушілер бетпердемен қамтамасыз етілуде.

Мамандар барлық сауда нүктелеріне осылай жұмыс жүргізуге кеңес береді. Ал талаптар сақталмаған жағдайда кәсіпорынның жұмысын тоқтатуына тура келетіндігін ескертеді.
Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*