Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Абай ауданы тұрғындарымен кездесіп, елдімекендерде атқарылған жұмыстармен танысты. Аудан әкімі Б. Парманов ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін баяндап, алдағы жоспарларды жеткізді.
Бүгінде 27 елдімекенде 257,7 мың халық тұрып жатыр. Сондай-ақ аудан аумағында 205 көпқабатты тұрғын үй, 230 әлеуметтік нысан орналасқан. Қазіргі таңда елдімекендердің біреуіне ғана ауызсу жеткізілмеген, ал сапалы жарықпен 92,5, табиғи газбен 85,2 пайыз қамтылған. Жыл соңына дейін ауданда су мәселесі толығымен шешіліп, келесі жылы шағынаудандардың электр қуаты және көгілдір газбен қамтылу көрсеткіші 100 пайызға жетеді.
Ауданда жылу маусымына дайындық жұмыстары да кезең-кезеңімен атқарылған. Жоспарға сәйкес биыл елдімекендердегі 33 көше жарықтандырылған. Алдағы екі жылда қалған 60 көше жарық жүйелеріне толық қосылады.
Биыл ауданда 3 750 орындық 5 мектеп пайдалануға беріледі. Ал 2024 жылы 2 900 орындық 5 мектептің, 2025 жылы 3 800 орындық 6 мектептің құрылысы жоспарланған.
Есептік кездесуде тұрғындар инфрақұрылымды жақсарту, бейнебақылау қондырғыларын орнату, көшелерді жарықтандыруға қатысты сұрақтары мен ұсыныстарын айтты.
“Барлық мәселелер кезең-кезеңімен ауданның даму жоспары аясында шешіледі. Халықтың өмір сапасын жақсарту бағытында шешімін күткен мәселе баршылық. Аудан тұрғындарынан заңсыз жер телімдеріне қатысты сұрақтар да жиі түсуде. Бұл шағымдар менің тікелей назарымда. Маған уақыт берсеңіздер, өздеріңізбен бірлесе отырып, туындап отырған проблемаларға қатысты оңтайлы шешім қабылдаймыз”, — деді қала әкімі.
Сондай-ақ аудан және басқарма басшыларына халықтың талап-тілектерін назарға алып, көтерілген мәселелерді шешу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген нақылды шымкенттіктер берік ұстанған. Көктем шығып, күн қыза бастағаннан жер-жерде тал егіп, көшеттер отырғызылуда. Осындай игі іс бүгін қаламыздағы 46 мектеп-лицейі маңында өтті. NEW WEVE экологияны қорғаушы еріктілер ұйымы […]
Жасыл желек жамылған саялы бақта адам қарасы кешке қарай көбейе түседі. Бұл мекен, әсіресе, тыныштықты жаны сүйетін, бір мезгіл бой сергітіп, таза ауамен тыныстағысы келетіндер үшін таптырмас орын. Себебі, мұндағы құстардың сайраған үні мен субұрқақтан […]
Қазіргі қоғамда адамның психологиялық саулығы – ұлттық қауіпсіздік пен әлеуметтік тұрақтылықтың маңызды құрамдас бөлігіне айналып отыр. Соңғы жылдары жаһандық деңгейде өзектілігі артып келе жатқан мәселелердің бірі – суицидтің алдын алу. Әсіресе жастар мен әскери қызметкерлер […]
Пікір қалдыру