Шымкенттегі Орталық саябақта 25 қазан – Республика күніне орай «Fitness park kz» жобасы аясында «Салауатты отбасы – салауатты қоғам» атты отбасылық сайыс өтті.
Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өткен сайысқа қала тұрғындары арасынан он команда қатысып, өзара бақ сынасты. ⠀
⠀
— Қимыл мен ептілікті жетілдіретін спорттық жарысқа «Достық», «Жігер», «Қазақ арландары», «Әскер», «Жалын», «Заңғар», «Алаш», «Алау», «Арыстан», «Бірлік» тобынан құралған жанұя қатысты. Талап бойынша бір топта төрт адам болды. Сайыс – шармен секіру, су тасу, кір қыстырғыш жинау, жұмыртқаны жарып алма, көңілді доптар, қаппен секіру, орныңнан тұрып ұзындыққа секіру ойындарынан құралған. Тапқырлық танытып, ептілік көрсете білген команданы қазылар алқасы бағалады, – деді Жастар ресурстық орталығының Әл-Фараби ауданындағы бөлім басшысы Қайыржан Бөгенбай. ⠀
⠀
Байқаудың қорындысы бойынша «Қазақ арландары» командасы жеңімпаз атанып, жүз мың теңгелік сыйлыққа ие болды. Екінші орынды «Достық» жанұясы алса, үшінші орын «Арыстан» тобына бұйырды. Одан бөлек, барлық команда арнайы дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетейік, дәл осындай сайыстар тек денсаулыққа оң әсерін беріп қоймай, бірлік пен татулықтың көрінісін береді. Отбасы институтын қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды жаңғырту, жас отбасылардың қоғамдағы рөлін арттыру қоғамның реттілікпен қалыптасуына үлкен септігін тигізеді.
Грекия елінің Корфу қаласында 10-14 қазан күндері ересектер арасында гір тасын көтеру спортынан әлем чемпионаты өтті. Жаһандық додада Түркістан облысының саңлақтары 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль қанжығалады. Жұлқи көтеру әдісінде 63 келіде […]
Түркістан облысында бүгінге дейін 68 мемлекеттік меншіктегі спорт мекеме тіркелген. Жалпы алғанда спорт нысандарының саны 4433 жеткен. Бұл спорттық нысандар өңірімізден ел намысын қорғайтын спортшылардың шығуына және бұқаралық спортты дамытуға оң септігін тигізіп жатқанын айтады […]
Қытай елінің Ханчжоу қаласында 2023 жылдың 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өткен ХІХ жазғы Азия Ойындарына жалпы 40 спорт түрінен 46 мемлекеттің спортшылары қатысты. Ханчжоу-2022 ХІХ жазғы Азия ойындары жүлдегерлері арасында Шымкенттік спортшылар да […]
Пікір қалдыру