28 маусым-Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов аудандағы бұқаралық ақпарат, байланыс және телекоммуникация қызметкерлерін салтанатты жағдайда қабылдады.Ауданның әлеуметтік, экономикалық және байланыс, ақпарат саласына белсенді үлес қосқан бірқатар азаматтар аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Салтанатты сәтте аудан әкімі марапат иелеріне еңбекте озат атанып, өздері атқарған салада кәсіби мамандар ретінде тәуелсіз еліміздің дамуы мен өркендеуі жолында өлшеусіз табыстарға жете берулеріне тілектестігін білдірді. Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасарлары, тиісті бөлім басшылары қатысып отырды. Осы күні «Созақ үні»газеті редакциясында аудандық ардагерлер кеңесінің төқрағасы Қабылбек Еспенбетов бұқаралық ақпатар саласында еңбек етіп, осы салаға бар ғұмырын арнаған еңбек ардагерлері мен осы салада еңбек еткен бірқатар азаматтарды арнайы алғыс хаттармен марапаттап, еткен еңбек жолдарында елге үлгі, кейінгі ұрпаққа өнеге болып, шәкірт тәрбиелеген асыл ағаларға деген шынайы алғысын жеткізді. Марапат иелері қатарында ардагерлеріміз Ескер Жақанов, Қалман Ерденов, Қасымжан Өмірұлы, Ескермес Жақсымбетов, Қазыбек Мыңжан, Әнуар Бабашов, Мұрат Сапаров сияқты кезінде аудандық газет пен аудандық баспахана жұмысында қолтаңбалары қалған азаматтар лайықты құрметке ие болды.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда шағын футболдан журналистер арасында турнир өтеді
5 сәуірде Түркістан қаласында шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында «Жаңарған Түркістан» республикалық турнирі өтеді. Жарыстың мақсаты – жұртшылықты бұқаралық спортқа баулу, журналистер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, Түркістанды спорт орталығы ретінде дамыту. Сонымен бірге жаңа […]
Созақтықтар Есенбек Кенжеқараевтың 70 жасын атап өтті
Созақ аудандық орталық кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен, оның ішінде кітапхана қызметінің бөлім басшысы Гүлнар Өмірбектің ұйымдастыруымен Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, белгілі қаламгер, аудандық телеарнаның алғашқы басшыларының бірі, еңбек ардагері Есенбек Кенжеқараевтың 70 жасқа толуына орай «Менің […]
Созақ ауданында алғаш рет «AGROFEST-2017» ауыл шаруашылығы фестивалі өтті
Бүгін Созақ ауданында алғашқы рет «AGROFEST-2017» ауыл шаруашылығы фестивалі өтті. Аудан орталығы Шолаққорған ауылында ауылшаруашылығын қортындылаған жиында барлық ауыл округ әкімдіктері өз өнімдерін қойып тиімді бағада халыққа ұсынды.Өндірісті аграрлы ауданның шаруалары мемлекет қолдауымен және өздерінің […]
Пікір қалдыру