Көне Түркістан шаһарында «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автодәлізін кесіп өтетін күре жол салынбақ. Жоспар бойынша аталған жолдың құрылысы биыл басталады. Ол жолдың міндеті қалада жаңадан бой көтеріп жатқан Отырар шағын ауданын шаһар орталығымен байланыстыру. Дегенмен қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, ол жол мен тұрғын үйлердің арасын алшақтау етіп салу көзделіп отыр.Айта кетейік биыл Түркістандағы Отырар жаңа шағын ауданынан көпқабатты тағы 8 үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жақын күндері онда 500-ге жуық отбасы қоныс тойын тойлайды деп күтіліп отыр. Көне шаһардың басшысы құрылысқа жауапты тұлғаларға сапаға мән беруді қатаң тапсырды. Сонымен қатар, тұрғын үй нысандарының инфрақұрылымын барынша пысықтап жүргізуді еске салғанын да айта кеткен жөн. Соның ішінде су құбырлары, сарқынды су және жылу жүйелерінің магистралды құбырларын келешекте салынатын 100 үйдің қажеттілігіне қарай жоспарлауды ұсынды. Егер, жұмыстар кезеңінде аяқталса қаланың келбеті көркейіп, баспана мәселесі біршама реттеліп қалары анық.
Ұқсас жаңалықтар
ЕҢБЕК МЕРЕКЕСІ – ЕЛДІҢ БЕРЕКЕСІ
Сарабдал саясаткер, көреген көшбасшы Елбасының Жарлығымен «Еңбек күнін» мерекелеу 2013 жылы белгіленген еді. Жыл сайынғы үрдіске айналған дәстүрлі мерекенің басты мақсаты — жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру, жұмысшы кәсібін насихаттау. Осы бағытта қасиетті жұма күні […]
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙДЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
Түркістан облысына сапары барысында Елбасы Түркістан қаласының халықаралық әуежайының ашылу салтанатына қатысты. Халықаралық әуежайдың құрылысы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асқан. Қаладан 20 км қашықтықта орналасқан әуежай халықаралық стандарттарға сай заманауи технологияларды қолдана отырып салынған. […]
Ордабасыда 28 отбасы жаңа пәтерге қол жеткізді
Бір шаршы метрі — 50 теңге. Айына төлейтіні 3500 теңге. Ордабасылық 28 отбасы енді айына осындай ақы төлейтін жаңа үйлерде тұрады. 1 желтоқсан — Тұңғыш президент күні қарсаңында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Ордабасы ауданына жұмыс […]
Пікір қалдыру