Сарабдал саясаткер, көреген көшбасшы Елбасының Жарлығымен «Еңбек күнін» мерекелеу 2013 жылы белгіленген еді. Жыл сайынғы үрдіске айналған дәстүрлі мерекенің басты мақсаты — жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру, жұмысшы кәсібін насихаттау. Осы бағытта қасиетті жұма күні Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен мерекелік жиын өтті. «Үшқоңыр» мейрамханасында қолға алынған шараға еңбек ардагерлері, зейнеткер ұстаздар мен билік басшылары, ұйым мүшелері, БАҚ өкілдері және жас мамандар, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты. Қыркүйек айының соңғы жексенбісіндегі еңбек күнімен қоса, қазан айының алғашқы аптасындағы қарттар мерекесін атап өту арқылы еңбек адамдарына құрметті арттырып, қариялардың мерейін үстем ету мақсатында өткізілген ісшарада ардагерлерге «Құрмет» гүлі ортаға кіргізіліп, облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Замира Сабекқызы және қала әкімінің орынбасары Ғани Құрмашұлы алғашқы сөзді алып, барша еңбеккерлерді төл мерекелерімен құттықтады.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістандық диқандар 35 сотық жылыжайдан 40 тоннаға жуық қияр алды
Оңтүстік Қазақстан облысның әкімі Түркістан қаласына қарасты Шаға ауылдық округіндегі жыл басында іске қосылған «Ерасыл» шаруа қожалығының жылыжайында болды. Ерғали Жолдасбеков басшылық жасайтын жылыжай көлемі 0,35 гектарды құрайды. Заман талаптарына сай соңғы үлгідегі Кореялық құрылғымен […]
Былтыр Бәйдібекте 80-ге жуық нысанының құрылысы жүргізілген
Бәйдібек ауданында құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша аудан облыста алдыңғы қатарда келеді. «Өткен жылы аймақта 74 нысанның құрылысы жүргізілді. Былтыр 11519 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2016 жылмен салыстырғанда 106,5 пайызға артқан. 2018-2020 жылдар аралығында […]
Киелі Түркістанда латын графикасына көшудің тиімділігі айтылды
Бүгін Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің оқытушылары мен студенттер қауымы латын графикасына көшудің тиімділігін туралы әңгіме өрбіді. Осы орайда, қоғамның талқылауына түскен латын әліпбиінің Ақордада ұсынылған нұсқасын ұжым болып тақылады.Жиын барысында баяндама жасаған «Инженерия» факультетінің […]
Пікір қалдыру