Астана күні қарсаңында Шымкентте қайта құру жұмыстарынан өткен «Наурыз» саябағының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Сайрам тұрғын алабында орналасқан демалыс орнының ашылуына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жиналғандарды алда келе жатқан Астана күні мерекесімен құттықтады.«Сіздерді шын жүректен Астана күні мерекесімен құттықтаймын! Сарыарқаның төсінен орын алған бас қаламыз өркениетті алып шаһарға айналып, Астанамыз болашағына бет түзеген байыпты азаматтардың мекеніне айналды. Еліміздің бас қаласы Астана, Алматы қалаларымен бірге Шымкент қаласы да үшінші мегаполиске айналуда. Астана күні қарсаңында ел игілігіне берілгелі отырған бұл саябақ – қала тұрғындарының шаттық пен жандарына сая табатын демалыс орныны болатынына сенімдімін »,-деді Жансейіт Қансейітұлы.Облыстық бюджет есебінен бөлінген қаржыға қайта қалпына келтірілген демалыс орнының жалпы аумағы – 8 гектарды құрайды. 1991 жылы құрылған саябақ 26 жыл ішінде бірде-бір жөндеу көрмеген. Алғаш рет тек биыл қайта қалпына келтіріліп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-ДА «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҚТАРЫ МАУСЫМДЫҚ ЖҰМЫСҚА КІРІСТІ
Оңтүстік Қазақстанда «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жазғы жұмыс маусымы басталды. Осыған орай, Шымкенттегі Дендросаясабақта «Жасыл желек жайқалсын» атты салтанатты кеш ұйымдастырылды. Жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков «Жасыл ел» сарбаздарының жазғы еңбек маусымына сәттілік тілеп, […]
ОҚО-да 300 елдімекен табиға газбен қамтамасыз етілген
Оңтүстік Қазақстан облысында 844 елдімекеннің 618-і немесе 73,2 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, 2017 жылы ауыз су және су бұру саласында 34 нысанға 4,7 млрд.теңге бөлінген. Мұндай мәліметтер жуырда ОҚО әкімі Жансейіт […]
ОҚО әкімдік мен Өңірлік хаб арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейі Түймебаев Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменовпен кездесті. Соынмен қатар, кездесу барысында қос тарап Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен Астана қаласындағы Мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық […]
Пікір қалдыру