Оңтүстікте ашылған отбасындағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтарға «Көмек» оңалту орталығы Қазақстан Республикасының «Қызыл ай» қоғамының құрамында орналасып, «Қорғау-Астана» қорының әлеуметтік жобасы аясында жүзеге асырылуда. Жаңадан ашылған орталық ғимаратында қабылдау, дәрігер бөлмесі, қажетті құралдармен жабдықталған психолог, әлеуметтік кабинеттер, жатын бөлмелер, асхана, балалар алаңшалары, мәдени тынығу бөлмелері қарастырылған.Мұндай орталық Шымкенттегі Байытұлы баба көшесі бойынан да ашылған. «Медициналық-психологиялық оңалту орталығында» психобелсенді заттарды пайдаланушы азаматтарға медициналық-психологиялық коррекция жұмысын жүзеге асырады. Орталықта нарколог, психолог, психотерапевт және әлеуметтік қызметкерлер емдеу стандарттарына сәйкес наркологиялық және медициналық көмек көрсету көзделген. Медициналық-психологиялық оңалту орталығы келушілерді құзырлы органдардың жолдамасы арқылы қабылдайды. 20 төсек орынмен қамтамасыз етілген орталық тәулік бойы жұмыс жүргізетін стационарлық мекеме болып табылады.Ал үшінші орталық — әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі Шымкент қаласы әкімдігінің Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығының жанынан ашылды. Орталықта зәбір көріп, зорлық-зомбылық тауқыметін тартқандар, кереғар діни ағымдардан зардап шеккендерге психологиялық қолдау көрсетіледі. Мұнда интернет желісі арқылы скайп жүйесімен онлайнды сұхбаттасу, кеңестер алу шаралары жоспарланған.
Ұқсас жаңалықтар
В Шымкенте с размахом отметили День столицы
В Шымкенте с размахом отметили День столицы. Не смотря на первоначальную программу, часть мероприятий прошла 5 июля. Так, в парке Абая прошла выставка художников. Живописцы Шымкента представили гостям выставки под открытым небом свои картины, посвященные […]
Шымкент — қайырымды қала
Миллионды қаланың балғындары көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. «Шымкент-Цирк» ұжымының өнерпаздары мен қалалық полиция департаментінің қызметкерлері қала әкімі Ерлан Айтахановтың бастамасын қолдау мақсатында қайырымдылық қойылымын ұсынды. Мүмкіндігі шектеулі балалар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасының бүлдіршіндері, сондай-ақ, көп […]
ҚАЛА ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Басқосуға телеарналар мен газеттердің бас редакторлары, журналистер және әлеуметтік желі белсенділері қатысты. Ақпарат құралдары ең көп шоғырланған Шымкентте қазірде 170-тен астам орталық жұмыс істеуде. Елімізде […]
Пікір қалдыру