Таяуда ғана Оңтүстік Қазкақстан облысынан елордасы – Астанаға 100-ден астам ерікті «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне аттанған болатын. Олар көрмеге келуші қонақтарға бір айдан астам уақыт бойы қызмет көрсетіп, Оңтүстікке қайта оралды.Айта кету керек, жас полиглоттар 35 күн бойы айтулы халықаралық шараға қатысып, шетелдік меймандарға көрменің жеке аймақ павильондарын таныстырып, мәртебелі шараға белсене атсалысып қайтты. Сонымен қатар, күнгейлік жас толқынның еңбегін елеген ұйыдастырушылар тарапы үш тілді жетік меңгерген жастарға зор құрметпен алғыс хат тапсырып, арнайы марапаттады.Мұндай қуанышты хабарды облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова мәлімдеп отыр. Оның айтуынша, бұл игі бастама мәдени шараға қатысып қайтқандарды қанаттандырып қана қойған жоқ, тиісінше күнгейлік жастолқынның үш тілді меңгеруге деген құлшынысын арттырғаны ақиқат. Яғни, бұл арқылы Елбасымыздың «Үш тұғырлы тіл» мемлекеттік бағдарламасы да жүйелі жүзеге аспақ.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-дан Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесін осы күнге дейін 30 мыңнан астам адам тамашалаған
Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмені Оңтүстік Қазақстан облысынан күн сайын түрлі топтағы азаматтар аттанып, елордадағы әлемдік маңызды шараның куәсі болып жатыр. Бүгінгі күнге дейін 30 мыңнан астам оңтүстікқазақстандық көрмені тамашалап үлгерген. Оның ішінде 2 […]
Оңтүстіктің мақта талшықтары шетелдерге экпортталуда
Мақтаарал ауданына жасаған бір сапарында облыс әкімі Ж.Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысының бренді саналатын мақта дақылы бәсекеге қабілетті болу қажеттігін айтқан болатын. Сондай-ақ, ол, елiмiздегi үлкен табыс әкелетiн жүз жылдық тарихы бар мақта дақылының сапалы сорттарын […]
Оңтүстік қариялары «Еврокристал» зауытында болды
Ардагерлер атбасын бұрған екінші нысан — «Оңтүстік» индустриялды аймағындағы «Еврокристалл» шыны зауыты болды. Мұнда жылына 300 млн дана шыны құты шығарылады. Өндіріс ошағы әлемнің озық құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Қазір 150-ге жуық азамат жұмыс істейді. Мұнан соң […]
Пікір қалдыру