Оңтүстіктегі жолдарды қайта құру жұмыстарының барысына куә болған облыс мәкімі Ж.Түймебаев жол құрылысын салуда шетелдік компаниялардың тәжірибесін алға тартты. Яғни, ең күрделі деген құрылыс нысандарын қысқа мерзімде салып, қолданысқа беруге болатынын ескерген әкім аталған жолды реттеу жұмыстарын тездетіп, қыркүйек айының соңына дейін пайдалануға беруді тапсырды.Облыс әкімі аралаған екінші нысан — облыстық маңызы бар КХ-97 «Ақсу-Қабылсай-Қайтпас-қалалық қоқыс аймағы» автомобиль жолының 10-18 шақырым аралығын қайта құру жұмыстары болды. Жұмыстарды аяқтау 2019 жылдың қарашасына жоспарланған. Аталған жол бөлігінің жалпы ұзындығы 9 шақырымға жуықтайды. «Қасқасу» демалыс аймағына баратын жолдардың даму сызбасы да жұмысшы топтың назарынан тыс қалған жоқ. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Н.Байғұт аталған мәселе аясында әкімге баяндама жасап, болашақ жол құрылыстарының жоспарымен таныстырды. Сайрам ауданы арқылы Төлеби ауданына, одан Қасқасу демалыс аймағына баратын жолдар мен осынау өңірлердегі туризмді дамыту мақсатындағы бүкіл жолдардың инфрақұрылым мәселесін шешетін жобаларды айтқан басқарма басшысына облыс әкімі жұмыстарды үнемі бақылауда ұстап отыруды және келесі жылға дейін пайдалануға беру жағын қарастыруды тапсырды. Оңтүстікте жыл санап туризм саласы дамып келе жатқанын алға тартқан Жансейіт Қансейітұлы қаланың кіріс-шығысы мен Сайрам, Төлеби, Қазығұрт, Ордабасы бағытындағы жолдардың бәрін дамыту қажеттігіне тоқталды.
Ұқсас жаңалықтар
Бәйдібек ауданында 43 мың гектарға мақсары егілді
Бүгінгі таңда Бәйдібек ауданы мақсарысымен аты шыққан өңір екені әмбеге аян. Қазірде бұл дақылға шетелден де сұраныс аса көп. Былтыр ауданда 23 мың гектарға мақсары егілгенін айта кетейік. Сонымен қатар, биыл оның көлемі 43 мың […]
Ж.Түймебаев: Біз абдыруға емес, рухани жаңғыруға бет бұрған жұртпыз
Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері аясындағы аймақ ақын-жазушыларының шығармашылық кездесуі мен «Тұлға. Тәуелсіздік. Тарих», «Жаһан таныған жеті тұлға» атты кітап көрмесінің тұсаукесерінде айтты.ҚР Ұлттық Академиялық кітапханада өткізілген […]
ОҚО әкімі: Жылу маусымына дайындық жұмыстары 25-тамызға дейін толық аяқталуы керек
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде өткен келелі жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұхан Егізбаев, күрделі және ағымдағы жөндеуден өтіп жатқан денсаулық сақтау нысандарының құрылысы барысын жайлы өңір басшысына баяндады.Сонымен қатар, жиын барысында қысқы маусымға дайындық […]
Пікір қалдыру