Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсеке қабілеттілік» атты Жолдауында еңбек нарығын жаңғыртуды өз еркімен жүзеге асыруды айтып, еңбек күші мол аймақтан жұмыс қолының тапшылығы сезілетін өңірге қоныстандырып еңбек нарығының тепе- теңдігін сақтауды міндеттеді. Бұл ретте Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі тарапынан өңірдің халқы тығыз орналасқан аудан, қалаларынан Ақмола облысына қоныс аудару жөнінде ынтымақтастық туралы меморондумға қол қойылғанын айта кеткен жөн. Осы ретте Ақмола облысы, Көкшетау қаласы «Новопэк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері өз еркімен қоныс аударушылармен кездесуді бастап кетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыс əкімінің орынбасары Е.Садыр мəлім етті.Оның айтуынша, полимерлі қаптама шығаратын компания басшылығы облысқа арнайы келіп, күнгейден 600-ден аса жұмысшыны зауытқа шақырып жатқанын айтты. Серіктестік кеден одағының нормаларына сәйкес полипропилен қаптары мен жұмсақ контейнерлер шығаратын зауыттардың бірі саналады. 2003 жылы құрылғаннан бері Новопэк полимерлі орау шешімдерін әзірлеуге, өндіруге және жеткізуге маманданған. Қазіргі кезде ауданы шамамен 45 мың шаршы метрді құрайтын өндірістік кешенде 600 адам жұмыс істейді.
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстікте атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша тиісті мекемелердің дайындық барысы талқыланды
Шымкент қаласында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың қатысуымен жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша тиісті мекемелердің дайындық барысы талқыланды. Жиында сөз алған вице-министр, зейнетақыны тағайындау жүйесі өзгеріп, тиісті әлеуметтік көмектердің көлемі […]
Оңтүстіктің қуыршақ театры астаналық бүлдіршіндерге керемет көңіл-күй сыйлады
Оңтүстік Қазақстан облысының қуықшақ театры елордалық бүлдіршіндерге керемет көңіл-күй сыйлады. «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында Астана қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облысының күндерінде облыстық қуыршақ театры Астана қалалық қуыршақ театры мен балабақшаларында жас көрермендерге Мақпал Малдыбаеваның «Алтын балық» қойылым […]
Оңтүстік бағбаншылары биыл 86 мың тонна алма жинады
Биыл Оңтүстік Қазақстан облысының бағбандары 86,4 мың тонна алма жинады. Сонымен қатар, ағымдағы жылы өңірде 654,8 гектар жерге қарқынды алма бауы отырғызылғанын айта кеткен жөн. Қазіргі таңда өңірдегі қарқынды баудың жалпы көлемі 2 800 гектарға […]
Пікір қалдыру