Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының көрші елге жасаған сапары аясында ұйымдастырылған екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен қазақ-өзбек бизнес-форумы өтті. Бауырлас елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығының артуына мүмкіндік беретін кездесуге қазақстандық 300-ден астам кәсіпкер қатысқанын айта кету керек. Іскерлік кездесуге Оңтүстік Қазақстан облысынан өңір басшысы бастаған 150-ден астам кәсіпкер қатысып қайтты.Сонымен екі елдің ғасырдан бері жалғасқан достық қарым-қатынасы жанданған іскерлік жиында Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлері мен өзбекстандық бизнесмендер арасында сауда-экономикалық туралы 7 ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Сондай-ақ, Қазақстан бойынша құны 1,2 млрд АҚШ долларын құрайтын бірнеше келісімдер түзілгенін айта кету керек. Сондай тиімді келісімдердің біріне еліміздегі 200-ден астам дәрі-дәрмек шығарумен айналысатын «Химфарм» акционерлік қоғамы қол жеткізді. Елдегі осы саладағы жетекші кәсіпорын бұған дейін көрші Қырғызстан Әзербайжан, Түркіменстан, Монғолия сынды елдерге өз өнімдерін экспорттап келген болса, енді міне Өзбекстанға өз өнімін шығармақ.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да өткен «Арыс жағасында» ретро-фестивалінде елімізге белгілі бес сазгердің әндері шырқалды
Оңтүстік Қазақстан облысында «Арыс жағасында» ретро-фестивалі өтті. Өңірде сегізінші рет өткізіліп отырған мерекелік кеште елімізге белгілі Тұрдықылыш Ізтай, Мұхтар Құралов, Құралай Сәтмұханбетова, Лесбек Аманов, Ержан Серікбаев сынды композиторлардың әндері орындалды.Мерекелік шараға қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев […]
ОҚО-да биыл «Нұрлы жол» бағдарламасымен 16 мектеп пайдалануға беріледі
Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жоспар бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс 19 білім ошағының 3-уі – Қазығұрт ауданында 2 мектеп, Сайрам ауданында 1 мектеп пайдалануға берілсе, қалған 16 білім ордасы […]
ОҚО-да биыл 57 елдімекенді газдандыруға 14 миллиардтан астам қаржы қаралған
Оңтүстікте Қазақстан облысында биыл 57 елді мекен көгілдір отынмен қамтылатын болады. Нәтижесінде облыстағы газдандырылған елді мекендер саны 357-ге жетеді деп күтіліп отыр. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 14,1 миллиард теңге жұмсалатын болады. Бұл туралы Қызылжар газ […]
Пікір қалдыру