ОҚО-ға ЖТүймебаев әкім болып тағайындалған соң қолға алған ерекше жобалардың бірі – Шатқал бағдарламасы. Оған сәйкес облыс орталығы Шымкент қаласы мен аудандардағы бос жатқан сай-салаға көшеттер егіліп, саябаққа айналады. Облыста Шатқал бағдарламасы жер-жерде қолға алынғалы бері өңірдің аудан, қалаларында аталған бағдарлама аясында 400 мың түптен астам жасыл желек егілді. Бір ғана Шымкентте ашылған 5 саябаққа 50 мыңнан астам көшет отырғызылды.Тал-дарақ егу жұмыстары бойынша аудан, қалалар ішінде Бәйдібек ауданы алда келеді. Ондағы бүгінгі таңда бағдарлама аясында Ақбастау ауылды округіндегі «Домалақ ана» кесенесінің маңындағы 20 га қоршалған жер мен Шаян-Екпінді жол бойындағы 5 га жерге 172 мың тұт ағашы, 3050 шырша және 22 мың 800 түп гүл көшеті егілді. Отырар ауданында бүгінге дейін 53 294 түп жасыл желек отырғызылса, Төлебиде 28 мың түптен астам қарағаш, арша және жеміс ағаштары егілді. Сарыағаш ауданында да республикалық маңызы бар автожолдың бойына, аумағы 11 шақырым жерге 20 мың түп шырша, боз арша көшеттері егілді. Шардарада «Жасыл аймақ» құру жоспары түзіліп, тасжолдардың бойында 3300 дана көшет егілген. Созақтықтар «Шатқал» бағдарламасына сәйкес 1030 түп декоративті көшетті аудандағы 8 су қоймасының маңына отырғызған. Тиісті жоспар Сайрам ауданында да орындалуда. Сайрам мен Түлкібас аудандарының шектесер тұсында, Машат асуындағы халықаралық автожолдың бойына 1200 түп түрлі жеміс ағаштарымен қоса, қылқанжапырақты және қаратал көшеттері отырғызылды. Мақтаарал ауданында «Шатқал» бойынша 11 мың түп тал көшеттері егілсе, қазығұрттықтар 26 гектар жерге 16 мың 343 көшет отырғызды. Түркістанда 17 мың түп ағаш көшеті өсіп тұр. Бұған қоса өңір басшысы жуырда Шымкент қаласының маңындағы 16 мың гектар алқапқа жасыл желек егу туралы тапсырма берді.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-дағы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Шымкенттің қақ ортасында ләңгі теуіп ойнады (видео)
Қазақы қаймағы бұзылмаған оңтүстікте бүгіндері Ұлттық спорт түрлері өскелең ұрпақ алдында кеңінен насихатталып келеді. Осы орайда, күні кеше ғана Шымкент қаласындағы «Шымкент Плаза» сауда, ойын-сауық орталығының алдында мемлекеттік қызметкерлер арасында Ұлттық спорттың асық ату, ләңгі […]
ОҚО-да жыл соңында өнеркәсіп өнім көлемі 570 млрд. теңгеге жетеді
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде селекторлық мәжіліс өтті. Күн тәртібінде негізгі үш мәселе қаралды. Соның бірі – аймақтың 2017 жылдың 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қортындысы болғанын айта кетке жөн. Бұл туралы […]
ОҚО медицина қызметкерлеріне 29 автокөліктің кілті тапсырылды
Оңтүсітік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев емдеу-алдын алу мекемелеріне 29 санитарлық көліктің кілтін салтанатты түрде табыс етті. «Адам жанының арашасы болып табылатын дәрігерлердің қоғамдағы орны ерекше. Денсаулық сақтау саласы – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Сондықтан біздің […]
Пікір қалдыру