Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Мақтаарал ауданындағы Ш.Ділдәбеков ауылдық округіндегі Бірлік елді мекеніне барып, кәсіпкер Абыз Алиповтың ауыл тұрғындарына салып берген нысандарымен танысты. Кәсіпкердің демеушілігімен ашылған спорт нысанының жақында ғана лентасы қиылған болатын. Мұнда Бірлік ауылының жастары бір уақытта спорттың көптеген түрімен шұғылданып жаттығуларына мүмкіндіктері бар. Атап айтқанда жастар мұнда волейбол, баскетбол, футбол секілді спорт түрлеріне машығады. Спорт нысанында 150 адамдық көрермендер орнымен киім ауыстыру бөлмелерімен жабдықталған. Ғимаратты салуға кәсіпкер 10 миллион теңге жұмсаған. Өз сөзінде кәсіпкер келешекте су спорты кешенін салынатындығын да атап өтті. Сонымен қатар, ісмер азамат А.Алипов ауылдағы жағдайы төмен отбасыға нөлден бастап 5 миллион теңгелік жаңа баспана салып берген. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын арқау еткен кәсіпкер аз уақыттың ішінде «Бірлік» ауылының кіреберісіне қақпа да тұрғызып беріпті.
Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралдық кәсіпкерлер 100 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетті
Қадір түні қарсаңында Мақтарал ауданында «Нұр-Мед» ЖШС-нің басшылары Медет Тайманов пен Нұржан Абдубайтов қайырымдылық жасап, әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасыға 1 айға жететін азық-түлік таратты.Мақтарал аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары А.Байдуллаев «Әлеуметтік қолдау – […]
ОҚО-да дағдарысқа қарсы штаб отырысында жалақы қарызы қаралды
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Садырдың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы Дағдарысқа қарсы штабтың кезекті отырысы өтті. Жиынға қатысушылар өңірдегі кәсіпорындар мен мекемелердегі қордаланған жалақы қарыздарын жою мәселесін қарады.Мәжілісте сөз алған облыстық еңбек инспекциясы […]
ОҚО-да тіркелмеген кәсіпкерлерге арнайы шара көрілмек
Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациалық даму және туризм басқармасы мамандарының мәліментінше, тіркелмеген кәсіпкерлерге арнайы шара көріледі. Дәлірегі, ҚР Кодексінің әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасының 463-бабы бойынша жауапқа тартылатын болады. Ал салыққа тиісті төлемді жасамай, «үнемдеген» кәсіпкерлерге […]
Пікір қалдыру