ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев – Қазыбек би ауылдық округіне қарасты «Ә.Оспанов» елді мекеніндегі тік дренаждың жұмысымен танысты. 57,6 метр тереңдікте орналасқан нысан 2013 жылы іске қосылған. Тоқтап тұрғандағы су өлшемі 1 метр болса, жұмыс істеп тұрғандағы су өлшемі 12 метрді құрайды. Аманкелді подстанциясынан энергия алатын тік дренаж «ЭЦВ-12-210-15» атты насосбен жұмыс істейді. Жалпы, ауданда 731 тік дренаж болса, оның 300-і республикалық меншікте. Республикалық меншіктегі тік дренаждардың 260-ы жұмыс жасайды. Жалпы, Мақтарал ауданында тік дренаждар мен коллекторлық жүйелер толықтай қалпына келетін болса, жердің тұздану мәселесі шешіліп, топырағының құнарлығы бірнеше есе жоғарылайтын болады.Мұнан соң, облыс әкімі Мақтарал ауылдық округіндегі «Жарқын» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. 92,2 гектар жерді жаратып жатқан қожалық 12 адамды жұмыспен қамтыған. Орташа жалақылары 47 000 теңге. 2017 жылы 72,2 гектарға күріш, 15 гектарға мақта дақылы егілген. Сондай-ақ, Ж.Түймебаев дәл осы ауылдық округтегі «Бағдат» шаруа қожалығындағы мақта жинау науқанына куә болды. Жер көлемі 287,5 гектарды құрайтын қожалық биыл 187,5 гектарға мақта дақылын еккен. 36 адам жұмыспен қамтылған және 30-ға жуық техникалары бар. Осылардың арқасында биыл мол өнім алып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралдан шығатын ДСП-ны Корейлік компания алуда
Ақ мақтаның екінші аты – ақ алтын. Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп кластерін өрістетуге мақтадан алынатын талшықтан бастап жіп, мата сияқты бұйымдардың үлкен мүмкіндігі бар. Қазақстанның қолын мақта-мата, тоқыма өндірісіне жеткізіп отырған ақ мақта тек Оңтүстікте, оның […]
Мақтааралда жерді тиімді пайдалану мақсатында арнайы семинар-кеңес өтті
Мақтаарал ауданында жер реформасын жергілікті тұрғындарға түсіндіру, ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік үшін қолданылып жатқан жерлерді тиімді пайдалану мақсатында арнайы семинар-кеңес өтті. Жиынға Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Садыр, Мақтаарал ауданының әкімі Ғ.Исмаилов, облыстық жер […]
Мақтааралдық 150 оқушы «ЭКСПО»-дан оралды
Мақтарал ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 150 оқушы Астана қаласында өтіп жатқан «EXPO-2017» халықаралық көрмесін тамашалап қайтты. Жетісай қаласының орталық алаңына келіп түскен балалар саяхатта көрген әсерлері туралы журналистермен бөлісті.«Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қазақстандық […]
Пікір қалдыру