Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сай, өңірдегі тарихи орындарды дамыту жоспарымен таныстырды. Облыстағы туристерге қызықты тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі ол Қазығұрт тауы болмақ. «Қазығұрттағы төбенің басына Нұқ пайғамбардың кемесі іспеттес ғимарат саламыз. Ол жерге келген туристер жаяу және темір жол немесе қанатты жолдар көтерілетін болады. Төменгі жағында үлкен алаңша болуы қажет. Келген түристер демалады. Сонымен қатар, мерамхана, дәмханалар салынады. Сол аңыздың негізінде Қазығұрт тауы үлкен туризм орталығына айналады» деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы.Сонымен қатар, өңір басшысы Жансейіт Түймебаев мырза бұның барлығы Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асып жатқанын шегелеп айтты. Оның үстіне бұл өз елімізді, жерімізді қадірлеу болса, екінші жағы туризм арқылы табыс табу. Оның үстіне осы арқылы бүткіл әлем бізді танитын болады.
Ұқсас жаңалықтар
ТҮРКІСТАН: КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ҚҰНЫ 24 ПАЙЫЗҒА АРЗАНДАДЫ
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Кентау қаласына арнайы жұмыс сапарымен барды. Сапары барысында ондағы бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Алдымен аймақ басшысы Оранғай ауылдық округіндегі «Әл-Береке» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне аялдады. 2016 жылы […]
ОҚО: Қазығұртта газобетон блогын шығаратын зауыт іске қосылды
Қазығұрт ауданында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен «Отырабат-Құрылыс» серіктестігінің газобетон блогын шығаратын өндіріс орнының іске қосылу рәсімі өтті. Айта кету керек бұл жоба елімізде қолға алынған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында аудандағы индустриялды аймақта […]
Өмірзақ Шүкеев Түркістан облысының әкімі қызметіне тағайындалды
Түркістан облысының әкімі болып Шүкеев Өмірзақ Естайұлы тағайындалды – деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі ERNUR.KZ сайтына сілтеме жасап. Түркістанда өткен актив жиналысына Үкімет басшысы Асқар Мамин арнайы келіп қатысты. Облыстың жаңа басшысын көпшілікке таныстырған Асқар […]
Пікір қалдыру