Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кезекті мәжілісінде аймақ басшысы Ж.Түймебаев бюджет қаржысының игерілмеуіне қатысты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдерінің жұмыстарына қанағаттанарлықсыз деген баға берді.«Бюджет қаражатын тиімді және мерзімінде игеру әрбір мекеме басшысының басты мақсаттарының бірі болу керек екенін айтқан облыс әкімі қазынадан бөлінген қаржыны дұрыс ұқсатпаған басшылар жазаланатынын жеткізді. «Біздің осы бағыттағы жұмысымызды Мемлекет басшысы мен Үкімет қатаң бақылауға алған. Осыған сәйкес біз бюджет қаражатын игеру мәселесін тұрақты түрде ай сайын қарап, талқылаймыз. Алайда, қаржы басқармасының бүгін жасаған баяндамасына сәйкес, облыстық басқармалардың және аудан, қала әкімдерінің бюджет қаражатын игеру бағытындағы жұмыстары төменгі деңгейде болып отыр. Сонымен қатар, былтырғы жылдан бері бюджет қаражатын игеру бойынша берілген тапсырмалар орындалмағаны белгілі болды. Осы ретте, бірқатар облыстық басқарма басшыларының және аудан, қала әкімдерінің бюджет қаражатын игеру бойынша жұмыстарына қанағаттанарлықсыз деген баға беремін»,-деді Ж.Түймебаев.
Ұқсас жаңалықтар
Р.Сәрсембаева Түркістанда сервистік қызмет көрсету сапасын арттыруды ұсынды
Түркістан қаласына туристер көптеп келеді. Осы орайда рухани астана орталығындағы сервис мәселесін арнайы мамандармен оқыту арқылы дамытып, шешуді мақсат тұтады нәзік жандылар. Сонымен бірге, кәдесый жасау орталықтарын да көптеп ашып, жұмысты жолға қоюды Қазақстандағы іскер […]
Шымкентте өткен «RIC ON KO’RME» атты жәрмеңкесінде 35-40 шақыт кәсіпкер өз тауарларын нарықтан төмен бағада сатты
Шымкентте өткен «RIC ON KO’RME» атты жәрмеңкеде 35-40 шақты кәсіпкер өз тауарларын нарықтан төмен бағамен сатылымға шығарады. Олардың ішінде азық-түлік: ет және сүт өнімдері, балық және шұжық өнімдері, жеміс-жидек, көкөністер басым бөлігін құрайды. Одан бөлек, […]
Сайрам ауданында қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтылған 250 түлекке куәлік табыс етілді
Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолданған 11920 адамның 3991 оқуды аяқтап, 1000 маман жұмысқа орналасқан. Сонымен қатар, облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес аудан, қала әкімдіктерінде әр бір ауыл округіне қажетті 30 […]
Пікір қалдыру