Ордабасы ауданы, Бадам ауылындағы «Аделя» жылыжай кешенінің көлемі 16 гектарды құрайды. Оның 5 гектары 2011 жылы, ал 11 гектары 2014 жылы іске қосылған. Жалпы жобаны «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы қаржыландырыпты.Нақтырақ айтсақ, аталмыш ұйым 2011 жылы 440 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие берсе, 2013 жылы 2,2 миллиард теңге тағы бөлген.«Қызанақтарды теру маусымында 180 адамға дейін жұмысқа қабылдаймыз. Жұмысшылардың орташа жалақы мөлшері 80 мың теңге. Ал, өнімнің 90,95 пайызын Ресейдің теріскейіндегі Нововсибирск, Красноярск, Барнауыл секілді облыстарына экспортқа шығарамыз. Ал, бізде сұраныс аздау. Сонымен қатар, Астана мен Алматы қалаларына да сұранысқа қарай қызанақ, қиярлар жеткізіп отырамыз»,- дейді «Аделя» жылыжай кешенінің директоры Бақтияр Асылбек. Қазірде «Аделя» шаруа қожалығында 16 гектар жылыжай болса, оның 10 гектарына қызанақ, қалғанына қияр отырғызылған. Голландиялық тәсілмен өсірілетіндіктен көктем де және күзде, жылына 2 рет өнім алады екен. Ал, бір терімде 4-4,5 мың тоннаға дейін, яғни гектарына 300, 350 центнерден өнім алады.
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстікте тұсауы кесілген Елбасы туралы кітаптың мазмұны қандай?
Шымкентте тұсауы кесілген Ебласы жайлы «Тұлға.Тәуелсіздік.Тарих» атты кітап үш бөлімнен тұрады. Аталған туындыда «Ордабасыға оралу» деген алғашқы бөлімде Елбасының қасиетті мекенге табан тірегені турасында толғанатын тұстар жан-жақты қамтылған. Кітаптың екінші бөлімінде Елбасымыздың шетел басшыларымен оңтүстікте […]
Оңтүстікте тұрақтандыру қоры азық-түліктің бағасын бірқалыпты ұстап тұр
Оңтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік маңызды азық-түліктің бағасын тұрақтандыру іс-шаралары өз нәтижесін беруде.Бүгінгі таңда облыста бағаның күрт құбылуы тіркелмеді. Өңірдегі жағдай тұрақты, азық-түліктің жетіспеушілігі байқалмайды. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының мамандары хабарлады. […]
Арыстық шаруалар 56 мың тонна бақша өнімдерін Еуропа елдеріне экспорттады
Тоғыз жолдың торабында орналасқан Арыс қаласының шаруалары 5500 гектарға егілген бақша өнімдерінен бүгінгі күні 134 мың тоннадан астам қауын, қарбыз өнімін жинаған. Арыс негізінде атақты дерменесімен қатар дәмі тіл үйірер қауын-қарбызымен де мақтанады. Бүгінде диқандар […]
Пікір қалдыру