Бүгін, Мақтаарал ауданындағы Ералиев ауылдық округіне қарасты «Дәуір» және «Қастеев» жалпы орта мектептерінде жоғарғы сынып оқушылары және ауыл тұрғындары арасында «Ұлт аралық татулық — тұрақтылық кепілі» тақырыбында және жастар арасында тәртіп пен тәрбиені насихаттау мақсатында кездесу болып өтті.Жиынға, Мақтаарал аудандық «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Абай Есенбеков, аудандық прокуратураның аға прокуроры М.Ералиев, аудандық «әлеуметтік — психалогиялық сүйемелдеу» ортылығының басшысы Ербол Буртенов және «Дәуір» ЖОМ-нің директоры Л.Тушегенова, ауылдық округ учаскелік полиция инспекторлары қатысқанын айта кеткен жөн. Кездесу барысында, құқықбұзушылықтарды алдын алу және этнос аралық татулықты нығайту, ата-аналарға және ұстаздарға құрмет тақырыптарында кеңінен әңгіме қозғалды. Жиынад мектеп оқушыларымен ауыл тұрғындары өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жиналысты ұйымдастырушылармен қызу пікір алмасты. Кездесу соңында мектеп басшылары ұйымдастыру алқасына алғыстарын білдіріп, осындай іс-шараның көптеп ұйымдастырылуына қолдау білдіретіндігін айтып өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралда асабалар қауымдастығы құрылды
«Той-халықтың қазынасы» дейміз-ау. Алайда, бүгінде осы тойға базынасы бар ағалар көбейді. Себебі, бұрынғы ша ұлан асыр той жасаймыз деп, қазақтың салтына сай келмейтін бей әдеп әрекеттер мен ысырапқа жол беріліп жатыр. Осыған орай, кешегі аптада […]
Мақтааралда оқушыларды ҰБТ-ға тасмалдап, тамақтандыру үшін бюджеттен 7 миллион теңге бөлінген
Мақтарал ауданы бойынша 125 білім беру мекемелері жұмыс істейді. Оның ішінде 122 жалпы орта білім беру мектептері, 3 негізгі орта білім беру мектептері, 1 «Дарын» мектеп-интернаты бар. Биыл ауданда 4214 оқушы 11-сыныпта оқыды. Қазіргі таңда […]
Мақтааралда «Отабсындағы зорлық-зомбылықсыз-Қазақстан» пилоттық жобасы сәтті жүзеге асып жатыр
ҚР Бас прокуратурасының «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз – Қазақстан» пилоттық жобасы аясында Мақтарал ауданында жылжымалы медициналық мобильді әмбебап көлігі тұрғындарға түрлі медициналық көмектер көрсетуде. Атап айтсақ, жылжымалы медициналық көлікте терапевт, окулист, хирург, невропатолог, стоматолог және гинекологтан құралған […]
Пікір қалдыру