Түркістан қаласында өтетін «ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысушы Түркі елінің делегаттары тарихи орындарды аралады. Осы орайда, Отырар ауданындағы Арыстанбаб кесенесіне барып, баба рухына құран бағыштаған делегаттар Түркі жұртының мəңгілік тарихы саналатын кесене жəне құнды деректермен танысты.Күні ертең бауырлас елдер басын қосатын конференцияға Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей Федерациясы және отандық ғалымдар мен музей ісінің мамандары қатысады. Конференцияның мақсаты-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жəне «Түркістан-Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында киелі жерлерді таныту, тарихи-мәдени мұраларымызды сақтау, насихаттау арқылы келешек ұрпақ кәдесіне жарату, түркі халықтарының рухани пірі Қожа Ахмет Ясауи мұраларының түркі халықтары тарихындағы орны мен рөлі және отандық музей саласындағы актуалды проблемаларды сараптау, талдауға арналған.
Ұқсас жаңалықтар
«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МУЗЕЙІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі қызметкерлері ОҚО Білім басқармасына қарасты «Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжі» МКҚК-да өткізілген «Жаһандағы замануи қазақстандық мәдениет» тақырыбындағы аймақтық семинар жұмысына қатысты. Семинар жұмысы барысында «Өлкетану» базалық бағыты бойынша «Халық – тарих толқынында» […]
ОҚО журналистері Түркияда тәжірбие алмасып жүр
Оңтүстіктің бір топ журналистері Түркия елінде іс-сапарда жүр. Ондағы мақсат — бауырлас мемлекеттің БАҚ құралдарының тыныс-тіршілігімен танысып, тәжірибе алмасу.Делегаттарды алдымен Қазақстан Республикасының Түркиядағы бас консулы Еркебұлан Сәпиев қабылдап, журналистер сапарына сәттілік тіледі. Бүгінгі елшілерге тапсырылған […]
ЕЛБАСЫ ОЗНАКОМИЛСЯ С ПЛАНАМИ ДАЛЬНЕЙШЕГО РАЗВИТИЯ ГОРОДА ТУРКЕСТАН
Нурсултану Назарбаеву был презентован комплекс «Караван-сарай» и представлена информация по итогам археологических исследований на территории заповедника-музея «Азрет Султан». Также Елбасы рассказали о проектах, осуществляемых в рамках исполнения протокольных поручений Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева, данных […]
Пікір қалдыру