«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі қызметкерлері ОҚО Білім басқармасына қарасты «Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжі» МКҚК-да өткізілген «Жаһандағы замануи қазақстандық мәдениет» тақырыбындағы аймақтық семинар жұмысына қатысты. Семинар жұмысы барысында «Өлкетану» базалық бағыты бойынша «Халық – тарих толқынында» ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақ мақсаты жастардың бойында өзінің туған жерінің құндылықтарын насихаттау арқылы отансүйгіштікке, өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін ояту болды.Ашық сабақ барысында ғылыми бөлім қызметкері А.Үркімбаева семинарға қатысушыларға қорық-музейдің Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы мәлімет берді. «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және археология» бөлімінің инспекторы Ж.Әбсадық Түркістан өңірінде орналасқан 200-ден аса тарихи-мәдени ескерткіштер жайлы баяндама жасады. Ал, қор сақтау бөлімінің ғылыми қызметкері Т.Жолдасов музей қорындағы нумизматикалық жәдігерлердің өлке тарихын зерттеудегі алар орны жайлы сыр шертті. Музей экскурсоводы Т.Оразов ашық сабаққа көрнекі құрал ретінде мұражай қорының этнографиялық және нумизматикалық жәдігерлерінен жасақталған көрмемен таныстырды.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда 200 орындық оқу ғимараты пайдалануға берілді
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан қаласының орталығындағы «Сауран» ықшам ауданында 1933 жылы салынған бүгінде Нәзір Төреқұлов атымен аталатын мектеп жанынан типтік үлгідегі 200 орындық жаңа ғимарат пайдалануға берілгенін айта кетуіміз керек. Осы игілікті шараға қатысқан облыс […]
ОҚО-да ұлттық сусындардан құрғақ сүт дайындайтын зауыт салынуда
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Түркістан қаласына жасаған жұмыс сапары барысында қымыз бен шұбаттан құрғақ сүт өнімін өндіретін «Golden camel group LTD» кәсіпорнында болып, жұмысымен танысып қайтты.Айта кету қажет, Түркістан қаласындағы индустриалды аймақта салынып […]
Дулат Исабеков: Рухани жаңғыру өте орынды көтерілді
«Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасының аясында Түркістан қаласында түркі әлемінің қаламгерлері бас қосты. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ұйымдастырған кездесуге өңір басшысы Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы және ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының бас хатшысы Қасейінов Дүйсен Құрабайұлы […]
Пікір қалдыру