26-қазан күні Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойды. Елбасы бұл жөнінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласында : «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. Тарихи маңызды құжаттың қабылдануына орай, Ордабасы ауданы әкімдігінде алқалы жиын өтті. Аудан әкімі Рашид Қайыпжанов латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлесін қосып, жемісі мен жеңісін әкелетіні жөнінде айтты. Ардагер-ұстаз Нұридин Шәмшіұлы ендігі кезекте тіліміздегі дыбыстық жүйелердің нақ анықталып, қолданысындағы артық кірме сөздерден арылатын кезең туғанын әңгімеледі. Сонымен қатар, Қажымұқан ауыл округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Лесбек Жүсіп те сөз алып, ойын ортаға салды.
Ұқсас жаңалықтар
Ордабасыда кәсіпкерлер палатасы есеп берді
Облыстық Кәсіпкерлер палатасының Ордабасы аудандық филиалы кеңейтілген мәжіліс өткізіп, 2017 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары жөнінде есеп берді. Филиал директоры Нұрғали Ақмұратовтың мәлімдеуінше, жыл басынан бері «Атамекен» ҰКП-ның Ордабасы аудандық филиалына кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында […]
ОРДАБАСЫДА АРЫЗ ДА, ӨТІНІШ ТЕ, ҰСЫНЫС ТА ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ
Ордабасы ауданының әкімі Рашид Үсіпханұлы алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, бүгін тұрғындарды қабылдап, өтініш-тілектерін тыңдады. Қараспан ауылының қариясы, зейнеткер-ұстаз Бектөре Оспанұлы аудан басшысының қызметіне сәттілік тілеп, өзінің «Ұлылар ұлағаты» кітабын сыйға тартты. Сонымен қатар, ел […]
Ордабасы жастары жаңа әліпбиді қолдайды!
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласында айқындалған міндеттердің бірі — қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшірудің мәні мен маңызын түсіндіру мақсатымен бүгін аудандық жастар орталығы дөңгелек үстел өткізіп, белсенді жастармен кездесті. […]
Пікір қалдыру