Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығына, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, бүгін аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Омарбеков 10 азаматқа сурдо-тифлотехникалық құралдар табыс етті. Жалпы Ордабасы ауданы бойынша 62 есту қабілеті төмен мүгедектерге бүгінгі таңда 5 ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметі көрсетіліп жатыр. Жыл басынан бері міндетті гигиеналық құралдарға 352 мүмкіндігі шектеулі жаннан өтініш түскен. Мұнан өзге, жүріп-тұруы қиын І топтағы 50 мүгедекке 41 жеке көмекші бекітілгенін де айта кеткен жөн. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы қыркүйек айындағы «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Заңына сәйкес ашылған мүмкіншілігі шектеулі мүгедек балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесіне 112 бала есепке алынып, олармен 22 әлеуметтік қызметкер жұмыс істеп жатқанын айтпай кетуге болмас. Қазіргі таңда, Түркістан аймақтық мүгедек балаларды оңалту орталығына 12 балаға жолдама беріліп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-дағы ХҚКО-да судаудармашылар мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетеді
«ХҚКО» департаментінің директоры Еркебұлан Әлсеиітов, 2017 жылғы 1 наурыздан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияда сөйлеу және есту қабілеті бұзылған азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсетуде жаңа сервис пайда болғанын мәлімдеді. Ол бойынша адамдарға ымдау тілінің кәсіби […]
Ордабасыда 28 отбасы жаңа пәтерге қол жеткізді
Бір шаршы метрі — 50 теңге. Айына төлейтіні 3500 теңге. Ордабасылық 28 отбасы енді айына осындай ақы төлейтін жаңа үйлерде тұрады. 1 желтоқсан — Тұңғыш президент күні қарсаңында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Ордабасы ауданына жұмыс […]
В Ордабасинском районе ЮКО назначен новый аким
Аким ЮКО Жансеит Туймебаев по согласованию с Администрацией Президента РК и с согласия районного маслихата представил активу Ордабасинского района нового акима. Распоряжением акима Южно-Казахстанской области на должность акима Ордабасинского района назначен Рашид Усипханович Кайпжанов. Пожелав […]
Пікір қалдыру