Ордабасы ауданында «Ордабасы нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заманауи үлгідегі Түрік технологияларын пайдаланып, сапалы ұн өнімін өндіріп жатыр. Өнім халықаралық деңгейдегі мемлекеттік талаптарға сай. Ал, өндіріс қондырғылары халықаралық стандартқа сәйкестендірілген.Айта кету керек, алғаш рет жұмысын 2008 жылдың ІІ тоқсанында бастаған серіктестік 2015 жылы өндіріс қуаттылығын арттыру мақсатымен дирімен құрылысын ұлғайтып, түрік технологиясымен жаңа қондырғылар орнатты. Соның арқасында қазіргі таңада осылайша тәулігіне 250 тонна өнім өндіретін диірменді іске қосылып тұр. Бұл жобаның инвестициялық құны 470 млн теңгені құрайды. Оның ішінде өз қаржысы 280,0 млн.т. «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының «Өндіріс-2» желісі бойынша 6 пайызбен 7 жыл мерзімге «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» арқылы несиелендіріліп отыр.Бүгінгі таңда «Ордабасы нан» өнімдері отандық нарықпен қатар, Ауғанстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдеріне экспортталып жатыр. Серіктестік директоры Бауыржан Сапарымбетовтың мәлімдеуінше, бүгінде диірменде 50-ге жуық азамат жұмыспен қамтылған.
Ұқсас жаңалықтар
Ордабасылық он жеткіншек оқу грантына ие болды
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласындағы «Болашақ» колледжінің директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор, облыстық мәслихаттың депутаты С.Қуашбай Ордабасы ауданына ат басын бұрып, әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыдан шыққан 10 балаға оқу орнының грантын тапсырды. Орта арнаулы білім […]
Ордабасыда 10 азаматқа арнайы құралдар табысталды
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығына, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, бүгін аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Омарбеков 10 азаматқа сурдо-тифлотехникалық құралдар табыс етті. Жалпы Ордабасы ауданы бойынша 62 […]
ОҚО-да «Ордабасы» қой тұқымының саны 125 мыңға жеткізілмек
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен етті-майлы ордабасы тұқымын өсірудің және қозы етін өндірудің озық технологияларына арналған баспасөз-конференциясында «Оңтүстік Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Бас директорының мал шаруашылығы бойынша орынбасары Нұрадин […]
Пікір қалдыру