Бүгін Созақ ауданында алғашқы рет «AGROFEST-2017» ауыл шаруашылығы фестивалі өтті. Аудан орталығы Шолаққорған ауылында ауылшаруашылығын қортындылаған жиында барлық ауыл округ әкімдіктері өз өнімдерін қойып тиімді бағада халыққа ұсынды.Өндірісті аграрлы ауданның шаруалары мемлекет қолдауымен және өздерінің тынымсыз еңбегінің арқасында биылғы жылды табысты аяқтап отыр. Бүгінде жүйелі жоспарланып, жіті ұйымдастырылған жұмыс нәтижесінде жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Мәселен, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 4170 бас тұсақ қойлар алынып, меже 184 пайызға,«Құлан» бағдарламасы бойынша 630 бас аналық жылқы алынып меже 105 пайызға орындалды. Аудан бойынша барлығы 801 агроқұрылым тіркеуден өтіп, жұмыс жасауда. Оның ішінде 30 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі, 8 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және 763 шаруа қожалықтары. Осы агроқұрылымдардың ішінен 86 шаруашылық «Қазақстан Фермерлер Одағы» РҚБ мүше болып тіркелгендігін айта кетекеніміз жөн. Биылғы жылы аудан бойынша 2 ауыл шаруашылығы кооперативін ашу межесі белгіленген, қазіргі таңда 26 ауыл шаруашылығы кооперативі ашылып, әділет басқармасынан тіркеуден өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Созақта өткен «Менің Қазақстаным» ән байқауының жеңімпаздары марапатталды
Сырлы әнімен қазақ халқының бітім-болмысын, шынайы бейнесін сипаттап, ән әлемінде айрықша орнын қалдырған ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтің атын ұлықтайтын дәстүрлі өнер додасының бірінші кезеңдеріне облысымыздың аудан, қалалары мен оқу орындарынан 15-29 жас аралығындағы 100-ге жуық […]
Созақта ауыл жастары кітап оқуға ден қоюда
Созақ ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер Б.Пернебайдың ұйымдастыруымен «Мен әлемді кітап арқылы танимын» атты жастардың кешкілік уақытын тиімді пайдалануға арналған іс- шара болып өтті. Аталған іс- шара Сарыбаев Сабит, Сериков Сабит атты жас кәсіпкерлердің […]
Созақта балаларды балабақшамен қамту 90 пайызға жеткен
Теріскейліктер балалар күнін тойлады. Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастырумен өткен шарада бүлдіршіндердің қуанышында шек болмады. Елдің ертеңі саналған балғындарға сый-сыйапаттар, балмұздақтар үлестіріліп берілді.«Бұл мейрам балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға үндейтін […]
Пікір қалдыру