Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы жанынан 3 қабатты қабылдау-диагностикалық, реанимациялық-ота жасау корпусы пайдалануға берілді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай пайдалануға берілген денсаулық сақтау нысанының ашылу рәсіміне облыс әкімі Ж.Түймебаев қатысып, барша медицина саласының қызметкерлерін мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, әкім мекеме ұжымына жаңа жедел жәрдем автокөлігін сыйға тартты.Бүгінде елімізде көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын айтқан аймақ басшысы бүгінгі қуанышты оқиға осы жұмыстардың айғағы екенін жеткізді.«Жаңадан салынған корпус науқастарға сапалы, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету үшін заманауи медициналық техникамен және медициналық мақсаттағы құралдармен жабдықталып отыр. Аурухана 2013 жылдан бастап инсульт кезінде бас миы және мойын қан тамырларына жоғары технологиялық оталар жасауға қол жеткізіп, сол уақыттан бері мұнда 630 ота жасалынды. Бұдан бөлек, қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы базасында 90 бүйрек пен 13 бауыр алмастыру оталары жасалынды»,-деді Ж.Түймебаев.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да әлеуметтік сауда орталықтары ашылады
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев селекторлық режимде өткен аппараттық жиында азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру және тауар өндірушілер мен диқандарға өз өнімдерін саудалауға мүмкіндік беретін әлеуметтік базар ашуды аудан, қала әкімдеріне тапсырды.«Әлеуметтік маңызы бар […]
ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШҚЫ БЕС ЖҰЛДЫЗДЫ ҚОНАҚ ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Қала күні» мерекесінің қарсаңында «RIXOS KHADISHA TURKESTAN» бес жұлдызды қонақ үйінің капсуласын салу рәсіміне қатысты. Онда қонақ үй кешенін жобасымен танысып, құрылыс жұмыстарын салтанатты жағдайда бастап берді. Жиында барысында аймақ […]
Қазығұрт ауданындағы мектеп-интернат 20 млн.теңге грантқа қол жеткізді
Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев, аймағымыздағы 5 ардагер ұстаз бен 20 мұғалім облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады. Ал Қазығұрт ауданы, Ж.Қаппаров атындағы №5 облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының ұжымына құны 20 млн. теңге болатын «Орта білім беретін […]
Пікір қалдыру