Түркістан облысыныі әкімі Ж.Түймебаев, өңірдегі баспаналардың қолжетімді болуы қажеттігін айтып, «7-20-25» бағдарламасын аймақта мықтап қолға алу үшін түсіндірме жұмыстарын кеңінен жүргізуді тиісті басқарма басшыларына тапсырды.
Осы жылы «7-20-25» бағдарламасын облыста іске асыру мақсатында, Түркістан қаласында жеке салушы және «Түркістан» ӘКК» АҚ-ы арқылы 6 көпқабатты тұрғын үйдің (288 пәтер, 15,6 мың ш.м.) құрылысы басталған болатын. Бұл пәтерлерді 2019 жылы пайдалануға тапсыру жоспарланып, барлық үйлерді «7-20-25» бағдарлама арқылы тарату көзделуде.
«7-20-25» бағдарламасы арқылы салынған тұрғын үйлерді тарату Түркістан облысының энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы жүргізіледі.
Сонымен қатар, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы басшылығының мәліметіне сәйкес 2019 жылы Түркістан облысының орталығы — Түркістан қаласынан банктің облыстық филиалы ашылатын болады.
Сондай-ақ, бүгінгі таңда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның Оңтүстік филиалы «Баспана» мекемесімен қол қою шараларын жүргізуде. 2018 жылдың 1 желтоқсаннан бастап банк ұжымы Елбасы бекіткен «7-20-25» бағдарламасы бойынша тиісті жұмыстарды іске асыра бастайды.
Сонымен бірге, басқосуда Қ.Сейтмамбетов әкімге облыс тұрғындары үшін өте тиімді де, ыңғайлы болатын ұсынысын жеткізді.
Пікір қалдыру