Түркістан облысында ҚР Тәуелсіздік күні кең көлемде аталып өтуде. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев еліміздің ең ұлық мерекесіне арналған салтанатты іс-шарада бірқатар БАҚ өкілдерін марапаттады. Республикалық, облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының үздіктеріне ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды. Сондай-ақ, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тікелей тапсырмасымен киелі шаһарға қоныс аударған өңірдің бірқатар БАҚ басшыларына жаңа пәтер кілттері берілді. Атап айтсақ, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің басшысы мен тілшісі, облыстық «Южный Казахстан» газеті мен «Жанубий Қозоғистон» басылымдарының бас редакторлары мен орынбасарлары Түркістан қаласында бой көтерген жаңа мөлтек ауданнан баспаналы болды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов журналистерге пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстап, жаңа баспана иелерін құттықтады. Бүгінде Түркістан өңірінде 78 бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген. Оның ішінде 6 телеарна қазақ, орыс және өзбек тілдерінде эфирге шығады. Мемлекеттік және өзге тілдерде 55 газет пен журнал, 2 – радио, 15 – ақпараттық сайт жұмыс істеуде.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан: Соңғы бір айда 423 науқас пневмониядан емделіп шықты
Бүгінгі таңда Түркістан облысында «COVID-19» індетіне шалдыққандарды оқшаулауға арналған 270 орын бар болса, соның бүгінде 164-інде науқастар ем қабылдауда. Бұлардың дені коронавирус індетін жұқтырып немесе жұқтырғандармен тығыз қарым- қатынаста болып, ем қабылдап жатқандар. Бүгін […]
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН 70-КЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНДЫ
Түркістан облысының 70-ке жуық тұрғыны солтүстік өңірлерге аттанды. Мақсат — жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару. Түркістандықтардың ішінде солтүстік өңірде тұрақтап, жұмыс істеу үшін түбегейлі шешім қабылдаған тұрғындар да жетерлік. Солтүстікке қоныс аударуды қолдайтын мемлекеттік […]
Ж.Түймебаев ирандық компаниямен 250 миллион доллардың меморандумына қол қойды
«КӨНЕ ТҮРКІСТАН – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР» атты Халықаралық инвестициялық жəне туристік форум аясында құны 1,7 млрд. АҚШ долларды құрайтын 19 меморандумға қол қойылды. Атап айтқанда, Түркістан облысы әкімдігі мен Иран, Түркия, Чехия, Ресей, БАӘ, Малайзия, Италия, Польша, […]
Пікір қалдыру