Шымкентте 400 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылды

Шымкент қаласында әлеуметтік аз қамтылған мұқтаж  400 отбасыға көмек берілді. Қасиетті Рамазан айында халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын қолдау мақсатында «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Бұл бастаманың аясында «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі, «Ордабасы» индустриалды аймағының директоры Рысбек Бертаев Шымкенттегі 400 мұқтаж отбасыға азық-түлік жиынтықтарын үлестіріп беріп көмек көрсетті.

 Дүниені дүрбелеңге салған жаман дерттің дендеп кетпеуінің алдын алу мақсатында қайырымдылық шарасына ат салысқан жастар мен еріктілер қауіпсіздік ережелерін ұстанып сақтанып жүрді. Яғни  «Nur Оtan» партиясы белсенділері, «Jas Otan» жастар қанатының жастары мен еріктілер көмекті дер кезінде сақтану шараларын ұстана отырып, көмекке зәру мұқтаж отбасыларға азық-түлік жиынтығын «байланыссыз» тәсілмен жеткізіп берді. Осылайша 400 отбасыға қуаныш сыйлаған қайырымды азаматқа ел алғысын білдіріп жатты. Мұндай ізгі амалдар,  қайырымдылық шаралары өз жалғасын табады деп сенеміз.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*