Түркістан облысында дауыс беру учаскелерінде спорттық ойындардан жарыстар өтіп жатыр. Мәселен, Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде орналасқан №197 дауыс беру учаскесінде науқанға қатысушылар арасында үстел теннисі, дойбы, қол күресі, тоғызқұмалақ ұлттық ойындардар жарыс ұйымдастырылды. Республикалық референдумға өз таңдауын жасауға келген дауыс берушілер ойынға белсене қатысып, викториналық сұрақтарға жауап берді. Жеңімпаздар анықталып, сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, Отырар ауданында арқан тартудан сайыс ұйымдастырылып, белсенділік танытқан азаматтар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетейік дауыс беру — азаматтардың тұрғылықты жері бойынша дауыс беру учаскелерінде өтеді. Учаскелер 07:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Азаматтар өз басын куәландыратын құжат арқылы дауыс бере алады. Айта кетейік, бүгін облыс бойынша қоғамдық көліктер тегін қатынайды.
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданындағы Келес өзенінде жаңа көпірдің құрылысы жүріп жатыр. Жарты төбе мен Құркелес ауылдық округтерінің аумағынан өтетін өзен ауыл тұрғындарының ара қатынасы үшін аса маңызды нысан боп саналады. Бұл нысанның құрылыс жұмыстарын […]
Түркістан облысында сапалы жол салу жұмыстары қарқынды. Созақ ауданында КХ-110 «Мардан-Қозмолдақ-Сызған» облыстық автомобиль жолының 13,3 шақырымының құрылыс жұмыстары жүруде. Күре жолдың жөндеу жұмыстары Қозмолдақ елді мекенінің ішінен басталып, қазіргі таңда 3 шақырымнан астам жолға асфальт […]
Түркістан облысында инфекциялық ауруларды жұқтырған науқастар саны азаймай тұр. Сондықтан өңірде карантин режимі жағдай тұрақтанғанша жалғасады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті […]
Пікір қалдыру