Сарыағаштық шаруалар аудандағы қарбыз өсіретін Бозай, Жамбыл ауылдық округтеріндегі 720 га егістіктен 170 тонна қарбыздың ерте пісетін сұрыпын жинап, көрші мемлекеттің Магнитогорск және Белорецк қалаларына жөнелтті. Жергілікті қожалық иелері қарбыздың келесі партиясын саудалауға дайындалып жүр. Таяуда 200 тонна қарбыз тағы да еліміздің солтүстік аймақтарына жол тартады деп күтілуде. Жалпы, сарыағаштықтар бақшалықтан өткен жылы 105 мың тонна қауын-қарбыз жиған болатын. Биылғы болжам 120 мың тоннаға жетеді дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары. Ал Сарыағашта бақша өнімдері 4,5 мың га алқапқа егілсе, оның 3,5 мың га-нда қауын-қарбыз бапталуда. Оның ішінде 720 га танап ерте пісетін қарбыз түріне арналған.Мақтааралдық қарбыз өсірушілер де көршілес аудандағы әріптестерінен қалысар емес. Онда бүгінде 100 тонна қарбыз Ресейге экспортталып үлгерген. Аудандағы «Атамекен» ауылдық округінің диқандары қарбыздың әр келісін 150 теңгеден өткізіп жатыр. Ал жалпы биыл Мақтаарал ауданында 5700 гектарға қарбыз егілген.
Ұқсас жаңалықтар
Қара күзге қарамай Мақтааралда шомылу маусымы жалғасып жатыр (видео)
Мақтаарал ауданындағы Асық ата кентінің тұрғындары қара күзде де шомылу маусымын жалғастырып жатыр екен. Бұл сөзімізге Азат Әміртайдың «фэйсбук» әлеуметтік желісіндегі өз парақшасына жариялаған видеосы дәлел бола алады.«Опшым», ауылда мақта терім аяқталды. Біздің «братандар» осылай […]
Мақтааралдық шаруалар Ресей мен Беларуске қырық қабат экспорттай бастады
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында қырыққабат өнімін жинау науқаны басталды. Қазірдің өзінде егістік алқаптарда 58 бригада құрылып, онда 900-ден астам жұмысшы қырыққабат жинауға кіріскен. Алғашқы өнімнің легі еліміздің түрлі аймақтары мен Ресей және Беларусь еліне […]
ОҚО әкімі Ж.Түймебаев Мақтааралдың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты
Оңтүсітк Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Мақтаарал ауданы Ж.Ералиев ауылдық округіндегі апатты жағдайда тұрған «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы канал және оның үстінен өтетін көпірдің мәселесімен танысты. Сонымен қатар, аталған ауылдық округтегі «Нұралы жол» шаруа қожалығының […]
Пікір қалдыру