Сайрамдағы 43 нысан немесе 57 шақырым жол мен 1 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстарын аяқтау 2017 жылдың еншісіне тиесілі . Биыл, сондай-ақ, аудандағы 93,5 шақырым жолға (6 нысан) құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу де жоспарланып отыр. Яғни, аталған ауданда 2017-2020 жылдары 59,8 шақырымды құрайтын 5 ірі жобаның құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.Бұл жобалар аясында Бозарық елді мекенінен өтетін облыстық маңызы бар ұзындығы 3,9 шақырымды құрайтын КХ-37 автомобиль жолына қайта құру жұмыстары және Көмешбұлақ, Қызылжар, Қызыләскер және Теспе елді мекендерінен ұзындығы 17,8 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Сайрам елді мекенінен өтетін облыстық маңызы бар ұзындығы 30 шақырымды құрайтын КХ-83 автомобиль жолына қайта құру жұмыстары, Таскен, Мартөбе, Қызылсу және Қарасу елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар ұзындығы 8 шақырымды құрайтын КХ-97 автомобиль жолына қайта құру жұмыстары, Ақсукент, Манкент, Ақбастау, Низамабад және Қарамұрт елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар ұзындығы 22 шақырымды құрайтын КХ-3 автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да биыл 121 нысанның құрылысы бітіп, пайдалануға берілмек
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде аймақ көлеміндегі құрылыс және жобалау жұмыстарының барысы бойынша мәжіліс өтті. Отырысқа ҚР Парламентінің Сенатына депутат болып өңірімізден жақында сайланған Әлімжан Құртаев қатысты. Саладағы жұмыстардың атқарылу барысын баяндаған […]
ШЫМКЕНТ: 20-ҚАҢТАРДА ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛАДЫ
Шымкент қаласында Рысқұлов пен Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайырық құрылысының бірінші кезеңі аяқталды. 20 қаңтарда ірі жолайырық құрылысының екінші кезеңі басталады. Бұл кезеңде жол жабынын бұзу, инженерлік желілерді ауыстыру, тіреу қабырғаларын бетондау, жол өтпесін және […]
ОҚО-да алдағы жылдары қандай жолдар жөнделеді?
Сарыағаш ауданына келсек, мұнда биыл 67 нысанның немесе 119 шақырым жол мен 3 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстары қамтылған. Сондай-ақ, ағымдағы жылы 8 нысанның немесе 8 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Сонымен қатар, 2017-2018 […]
Пікір қалдыру