Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының бастығы, полиция полковнигі Арман Бейсенбаев құқық және заңды қорғаудағы әр полиция қызметкерінің еңбегін атап өтті. Жыл басынан бері тіркелген құқық бұзушылық санының төмендегенін айтты. Осы тұста қалада болып жатқан қылмыстың ашылуы арта түскенін жеткізді. Шаһардағы полицейлерге көрсеткен қолдауы үшін Шымкент әкімдігіне алғыс айтты.Мысалы, 2014 жылы қала аумағында полицияның бар болғаны 29 учаскелік пункті болса, қазір олардың саны — 68. Яғни, жаңа 39 учаскелік пункт бюджет қаржысына салынған. Егер бұрын қала аумағына 17 ғана стационар бекет болса, алдағы уақытта осында 10 бекетті салу жоспарлануда. 2015 жылы жол полицейлерінің қызметінде бар болғаны 5 эвакуатор болса, 2016 жылы мемлекеттік бюджеттен тағы 5 эвакуатор мен 30 Киа Серато көлігін сатып алуға қаржы бөлінді.2015 жылы Шымкентте 242 бейнебақылау камерасы орнатылса, 2016 жылы бюджеттен бөлінген қаржыға тағы 237 бейнекамера орнатылды. 2014 жылы қаланың ең ірі көше қиылыстарында 11 интеллектуалды бейне-бақылау камерасы орнатылды. 2016 жылы 10 қиылысқа осында 115 қондырғы орнатылған.Соның нәтижесінде 2017 жылдың 5 айында жол-көлік оқиғасының саны 50,4%-ға кеміді. Жол апатында қаза тапқандар саны азайып, жарақат алғандар саны 46 пайызға азайды. Бұл күні өзінің қызметтік міндетін атқару кезінде опат болған полицейлердің әрқайсысының есімі еске алдынды. Марқұмдардың туыстарына сыйлықтар тапсырылды.Еске салайық, 1992 жылдың 23 маусымы күні «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заң қабылданған болатын. Ал 2007 жылдың 23 маусымынан бастап Полиция күні ретінде ресми аталып өте бастады.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкент қаласында «Туған жер-алтын бесігім» облыстық фестивалі аясында Қазығұрт ауданының күндері өтті
Шымкентте «Туған жер-алтын бесігім» облыстық фестивалі аясында Қазығұрт ауданының күндері кешке дейін ұласып, ауданның мəдениет және руханият саласын қала халқына көрсету, насихаттау, аймақтың өзіндік ерекшелігін танытуға арналды.Осы орайда, Əл Фараби алаңындағы салтанатты ашылумен бастау алған […]
Шымкенттік саудагерлер базарларды қала сыртына көшіруді қолдайды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Шымкенттегі базарларды қала сыртына көшіру жайлы ой айтқан болатын. Өңір басшысының бұл талабына сондағы сатушылар де қолдау білдіріп, көшуге байланысты ескерту шараларының дер кезінде жүріп жатқандығын жеткізді. «Қазіргі талаптарға сәйкес бұл […]
КӘСІБІНІҢ НӘСІБІН КӨРІП ОТЫР
Шымкент қаласының тұрғыны Құдайберген Иманалиев спорт жаттықтырушысы болған. Алайда, жылқы малына деген қызығушылығы басым түсіп, 7 баланың әкесі былтыр мемлекеттен алған қайтарымсыз грант қаражатына екі бие сатып алады. Көпбалалы отбасы содан бері бие сауып, қымыз […]
Пікір қалдыру