Жол мұраты – жету. Ал діттеген жеріңе шаршамай, қиындықсыз баруға жол бойындағы сервистік қызметтер мен инфрақұрылымдық нысандардың талапқа сай болуы зор маңызға ие. Бұл жөнінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіндегі жол құрылысының барысымен танысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.«Елдің өркендеп, кемелденгенін білгің келсе, жолына қара» деген сөз бекер айтылмаған. Барыс-келіс пен алыс-берісте жол қатынастары айрықша мәнге ие. Ерте кездерде жеріміздегі ірі қалалардың көбісі Ұлы Жібек жолын жағалай қоныс тепкен. Қазіргі таңда қайнаған тіршіліктер осындай күре жолдардың бойында шоғырланған. Жолдар шын мәнісінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Сондықтан жол бойындағы инфроқұрылымдық нысандарды халықаралық талапқа сай етіп салуымыз керек. Сонда өңірімізге туристер көбейетін болады», — деді аймақ басшысы Жансейіт Қансейітұлы.Сондай-ақ әкім, бірнеше мың шақырымды артқа тастап шығатын жолаушылар үшін ыңғайлы болу мақсатында аталған жол бойына бекеттер салуды тапсырды. Яғни, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жолында болашақта жанармай құятын бекеттер мен дүкендер, асханалар, тіпті шағын мотельдер де бой көтеретін болады.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да медицина қызметкерлері марапатталды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы, денсаулық саласында талмай еңбек еткен дәрігерлерді «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен және облыс әкімінің құрмет Грамотасы мен Алғыс хатымен марапаттады.Мерекелік шарада сонымен қоса, өзгеде мереке иелеріне ҚР денсаулық сақтау […]
ОҚО әкімі Шымкенттегі Төлеметов көшесін қайта құру жұмыстарымен танысты
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі Қ.Төлеметов көшесінің қайта құру жұмыстарына куә болды. Құжаттағы атауы — «Кіші айналма жолды қайта құру» (Қалалық қоқыс орнынан Жібек жолы көшесіне дейін ПК 63 – ПК 107) деп […]
ОҚО əкімі «Ардагерлер үйінің» демалушыларын Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Құрбан айт мерекесіне орай, Шымкент қаласында орналасқан Ардагерлер үйіне барып, ондағы демалушы қарияларды мерекемен құттықтады. Мұсылман жұртының қасиетті мерекесі саналатын осынау ұлық мейрамда 200-ге жуық қазыналы қартқа айттық дастархан […]
Пікір қалдыру