Мақтарал ауданында ҚР Бас прокуратурасының «Отбасылық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты пилоттық жобасын жүзеге асыру мақсатында аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жанынан әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығы ашылды. Лента қию рәсіміне Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова, аудан прокурорының міндетін атқарушы Айтболат Досаев қатысты.Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «отбасылық құндылықтар» жайлы айтып өтеді. Яғни, мемлекеттің көптеген отбасылардан тұратыны, отбасылық құндылықтар жақсы сақталған сайын мемлекетіміздің бірлігі де нығая беретіні белгілі. Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталықтарының көптеп ашылуы — рухани жаңғырып жатқан еліміздің еңсесін тік көтертіп, халқымыздың ынтымағын арттыра бермек.«Статистика бойынша отбасылық зорлық-зомбылыққа көбінесе 40 жасқа дейінгі әйелдер ұшырайтыны белгілі болып отыр. Ашылып жатқан орталықтың түпкі мақсаты психологтардың көмегіне жүгіне отырып зорлық-зомбылық орын алып жатқан отбасының ішіне араша түсу, оларды сөзге келістіріп татуластыру, жалпы отбасы шеңберінде орын алған құқық бұзушылықтың қайталануына жол бермеу» — деді А.Ешанқұлова. Оның айтуынша, қазіргідей заманда әйел теңдігі мәселесі әлі де бар, қамқорлықты қажет ететін нәзік жандылардың құқығын қорғап, оларға демеу болу — кез келген дамыған елде басты мәселе саналады екен. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау мақсатында көмек сұрап келгендердің санына мониторинг жүргізу, олардың барлығымен дерлік әңгіме жүргізіліп, психологиялық көмек көрсету — әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығының басты мақсаты болмақ. Ең бастысы, ажырасудың саны көбейіп жатқан бүгінгі уақытта ең болмағанда бір отбасының шаңырағының шайқалмауын сақтап қалса — орталық өз нәтижесін көрсетті деген сөз.
Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралда журналистер марапатталды
Мақтааралда 28-маусым — Ақпарат және байланыс қызметкерлері күні мерекесіне орай, Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында мерекелік кеш болып өтті.50-ге жуық журналистердің басын қосқан іс-шарада аудан әкімі Ғалым Исмаилов сөз сөйлеп, Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатын […]
МАҚТАРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ САЙЛАНДЫ
Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына айналуы тиіс. Осы мақсаттарды бағындыру үшін мемлекеттік қызметтің жаңа моделін енгізу шеңберінде елімізде мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығына сәйкес жаңа институт […]
Мақтааралда Астана күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті
6-шілде – Астана күні қарсаңында Жетісай қаласындағы «Жеңіс» алаңында Мақтарал ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Елімнің жүрегі – Астана!» атты мерекелік гала-концерт болып өтті. Күллі республикаға танымал Б.Момышұлы мектеп гимназиясының оқушыларынан құралған «Үміт» тобының «Астаналар тарихы» атты […]
Пікір қалдыру