Оңтүстік Қазақстан облысындағы көне Түркістан шаһарында «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында, түркі мемлекеттерінің достастығы күніне орай Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында Халықаралық «Алтын сақа» анимациялық фильмдер фестиваліне арналған баспасөз конференциясы өтті.Сонымен қатар, конференция барысында фестивальдің қазылары, Түркия мемлекетінің өкілі Бекир Йылдызчи, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің театр және кинематография бөлімінің бас сарапшысы Гүлнафис Мырзашева, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Акционерлік Қоғамы, «Анимациялық кино» шығармашылық-өндірістік бірлестігінің редакторы, сценарист Салтанат Дүнгенбаева, Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, режиссер Тынай Ибрагимов, «САҚ» киностудиясының директоры Нуриддин Паттеев және облыстық Мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалия Шарафиева, облыстық Халық Шығармашылығы орталығының директоры, ҚР Мәдениет қайраткері Нұрлан Әділханов фестиваль жайында кеңінен айтып, журналистердің сауалдарына жауап бергенін айта кеткен жөн.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда 200 орындық оқу ғимараты пайдалануға берілді
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан қаласының орталығындағы «Сауран» ықшам ауданында 1933 жылы салынған бүгінде Нәзір Төреқұлов атымен аталатын мектеп жанынан типтік үлгідегі 200 орындық жаңа ғимарат пайдалануға берілгенін айта кетуіміз керек. Осы игілікті шараға қатысқан облыс […]
Түркістандағы «Тұран» кооперативі мақтаны тамшылатып суғарып, сүт өңдеп отыр
Оңтүстік Қазақстан облысының Жансейіт Түймебаев, Түркісатн қаласы Қарашық елді мекеніндегі «Тұран» ауыл шаруашылығы кооперативінде болды. Хабибулла Азимов басшылық жасайтын «Тұран» ауыл шаруашылығы кооперативі 2007 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Содан бері кооперативте тамшылатып суғару […]
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев, Түркістандық қариялармен кездесті
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев Түркістан қаласындағы «Ардегерлер кеңесі», «Ақсақалдар алқасы» және «Қоғамдық кеңес» мүшелерімен кездесті. Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар еткен халық қалаулысы өз сөзінде «Соңғы уақытта мемлекетімізде айтарлықтай тарихи оқиғалар өткені белгілі. […]
Пікір қалдыру