Оңтүстікте суға шомылу және жылыту маусымындағы оқыс оқиғалар азайған

Оңтүстік Қазақстан облысында суға шомылу және жылыту маусымындағы оқыс оқиғалар саны өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда азайды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиналысында облыстық төтенше жағдай департаментінің өкілдері мәлімдеді. Брифингте сөз алған облыстық төтенше жағдай департаментінің төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы Нұржан Әсібековтың айтуынша,  Оңтүстік Қазақстан облысындағы төтенше жағдай департамені мен жергілікті полиция қызметкерлерінің жұмыла жұмыс атқаруы оң нәтиже беріп отырғанын айта кеткен жөн.

«Жыл басынан бері суға кеткен адамдар саны 71-ден 31 адамға дейін, яғни, 56 пайызға кеміді. Биылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыстың су айдындарында 31 адамның суда қаза болу оқиғасы тіркелді, оның ішінде 17-сі — балалар мен жасөспірімдер. Шілде-тамыз айында адамдардың көп қаза болуы су айдындарында тіркеліп отыр. Бұл еңбек демалысы мен жазғы демалыс кезеңімен байланысты»,-деді облыстық төтенше жағдай департаментінің төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы Нұржан Әсібеков.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*